№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талап қою арызынан бас тартты

Талап қою арызынан бас тартты


Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы А-ның  арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес талап қоюшы А.-ға  борышкер Б.-дан өзінің пайдасына алимент өндіру  жөнінде сот бұйрығы шығарылған, алайда борышкер бүгінгі күнге дейін төлемеген. «Жаңақорған ауданының аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушы Б.-мен берешекті айқындау туралы қаулы шығарылған, алайда қаулыда берешегі азайтылып  көрсетілген, осыған орай талап қоюшы соттан  сот орындаушының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысының күшін жойып, берешек соманың мөлшерін анықтап белгілеуді сұраған.
Талап қоюшы өкілі адвокат Ж. сот отырысында талап арызынан бас тартып, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 277 бабының 4 тармағында, егер сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса іс бойынша іс жүргізуді тоқтататыны бекітілген.
Сот ұйғарымымен талап қоюшы А.-ның жауапкер «Жаңақорған ауданының аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы Б.-ның  алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулының күшін жойып, берешек соманың мөлшерін анықтап белгілеу туралы азаматтық іс бойынша іс жүргізу талап қоюшының талаптан бас тартуына байланысты өндірістен тоқтатылған.
            Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков.
09 ақпан 2018 ж. 1 266 0