№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛИМЕНТ: ПЕРЗЕНТ АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗ

АЛИМЕНТ: ПЕРЗЕНТ АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗ


Әдетте, жарасымды отбасының өз ұрпағы алдындағы міндетін ешкімнің айтуынсыз-ақ, жүрек қалауымен орындайтыны анық. Ал, шаңырағы шайқалып, жұптардың дәм-тұзы жараспай, ажырасып жатқан жағдайда, отбасындағы бала құқы қорғалуымен қоса, материалдық құндылықтың өтелуі міндет. Еліміздегі «Неке және отбасы туралы» Заңында ерлі-зайыптылардың өз сәбилерінің саулығына, олардың өсіп-жетілуіне һәм қамқорлық жасауға тиістілігі тайға таңба басқандай айқын айтылған. Егер екі тараптың бірі өз ұрпағы алдындағы аманатын өтемесе, сот шешімі арқылы өндіруге қауқарлы.
Осы тұста, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдықтың мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысында алиментшілер балаларына 154 млн теңге қарыз. Облыстық әділет департаментінің дерегі бойынша 324 адам перзенті алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүр екен.
Өз кезегінде бізде «Жаңақорған ауданының аумақтық бөлімі» филиалының аға сот орындаушысы Балқожа Байжановтан аудандағы алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелердің санын білдік. Аға сот орындаушысының айтуынша, 2017 жылы аудан бойынша алиментке байланысты 26 борышкерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен аудандық ішкі істер бөліміне ұсыныс жолданып, 5-уі амнистиямен қысқартылыпты. Ал, қалған 10-ы қылмыстық құрамы жоқ болуына байланысты қысқартылған.
– Бөлім өндірісінде, алимент төлемдерін өндіру санатындаға «проблемалық алименттер» қатарына 2017 жылға 7 борышкер кіріп отыр. Жалпы, берешектері 5 млн теңгенің үстінде. Борышкерлер, сот шешімі шыққан сәттен бастап, алимент төлеуден жалтарып, қасақана түрде төлемей, алименттен берешектері жинақталған. Мәселен, филиал өндірісіндегі А.Н деген азаматтың бір балаға алимент өндіру туралы атқарушылық құжаты бойынша борышкердің алименттен берешегі қазіргі таңға 2 млн 200 мың теңгені құрап отыр. Осындай атқарушылық құжаттар бойынша 2018 жылға жылға 5 борышкер бар – деді аға сот орындаушысы.
Бүгінде Балқожа Байжанов басшылық ететін бөлімде 3 инспектор, 1 іс тіркеуші аудандағы борышкерлерден берешегін өндіру бағытында жұмыс жасауда. Десе де, сот орындаушылар бала алдындағы борышынан бой тасалап жүрген жандардың ерікті түрде алиментінен құтылса екен деген ниетін жасырмады.
Түйін орнына. Әрине, алимент – әке бола алмайды. Нарық заманына бейімделе алмай, екі жұптың екі жаққа кетуі – бұл қауіпті құбылыс. Уақыттың қиыншылығы мен берешегі өтелер, алайда жас балғынға әкесіндей мейірім, отағасындай қорған болатын кім бар? Асылында періште пейілді перзент алдындағы материалдық міндеттен гөрі, рухани құндылықтың бәсі жоғары.
30 қаңтар 2018 ж. 1 571 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 00:17
Buy Synthroid Tadalis Sx Soft Internet Prescription Online Levitra Prix Orodispersible como comprar viagra sin receta Fedex Shipping Isotretinoin Tablets Low Price Buy Vigora 100 Bluemountain Pharmacy

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 23:20
Amoxicillin For Dental Abscess buy viagra Cialis Im Flugzeug Amoxicillin E