№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: БАЙКЕНЖЕДЕГІ БАЙЫПТЫ БАҒДАР...

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: БАЙКЕНЖЕДЕГІ БАЙЫПТЫ БАҒДАР...

Түстен кейін Байкенжеге табан тіредік. Дариядан өтісімен көлік құстай ұшты. «Мына ауылға апарар жол тегіс екен. Бүгінде бұл ауылда уран өндіретін ірі-ірі зауыттар бар. Соның арқасында жол жөнделіп, халыққа игілігі тиген екен ғой» деген ой түйдім. Бірақ ауылға кіреберістегі бас көшеге түскеніміз сол-ақ еді көлігіміз әлденеден үркіген тұлпардай секіріп, басымыз көліктің төбесіне соқтығып, әйнекке шалшық су шашылып, жаңағы «жол қандай жақсы!» деп сүйсінген ойым әп-сәтте көкке ұшты...

Дегенмен береке дарыған байкенжеліктер үшін 2018 жыл табысты болған. Ауыл әкімі Нұрғали Оспановтың ұйымдастыру қабілеті нәтиже берген. Расында, Билібай ауылында жаңа медициналық пункт бой көтеріп, салық төлемі артығымен жиналып, бюджеттен бөлінген қаржы үнемді пайдаланылып, ілкімді істер атқарылған. Нақтырақ айтсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 326, 0 мың теңгенің 700,0 теңгесіне Билібай ауылының кіреберісіне паспорт-белгі орнатылды. Осы жұмыстан үнемделген 600,0 теңге санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жұмсалған. «Елді мекендерді жарықтандыру» бағдарламасы аясында 3 449,5 мың теңге бөлінсе, оның 1 499,1 мың теңгесі көше жарығын қамтамасыз ету жұмыстарына жұмсалып, 1 479,5 мың теңгеге Билібай елді мекеніне қуаттылығы 100 киловаттық жаңа трансформатор орнатылды. Осы жұмыстан үнемделген 470.8 мың теңгеге Билібай ауылындағы ескі трансформатор Байкенже ауылына ауыстырылған. Сонымен қоса, Ұ.Оспанова және А. Өтебеков көшесіне тас төсеп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 200,0 мың теңге ауылдық округтің шекарасына композициялық белгі-паспорт орнатуға бөлініп, ол 1 450,0 теңгеге орындалды. Үнемделген қаржы ауыл әкімшілігі кеңсесінің қоршауы жаңалап-жөндеуге жаратылған.
Ауылдық округте осы уақытқа дейін мал шаруашылы­ғымен айналысатын 10 шаруа қожалығы жұмыс істеп келсе, өткен жылы бір ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мен жаңадан 3 шаруа қожалығы құрылып, олардың саны 14-ке жеткен. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылға 50 кіші кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 36-сы дара кәсіпкер. Аталған кіші кәсіпкерлік нысандарында 61 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары біздің жоғарыда айтқан ойымызды дөп басып, өтініштің басын көше жөндеу мәселесімен бастады. Яғни, көшелердің сапасы сын көтермейтінін қынжыла жеткізді.
– Ауылда 18 көше бар, оның екеуіне ғана асфальт төселінген. Биылғы жылдың жоспарында тұрған басты мәселе де осы. Ағымдағы жылы ауылға кіретін бас көшемен бірге 5 көше жөнделеді, – деді ауыл әкімі.
Одан әрі тұрғындар жастардың жұмыссыздығына алаңдап, №190 мектептің апаттық жағдайда тұрғанын айтып, бір партада 3 оқушыдан отыратынын жеткізді. Ауылдағы үш көпірді жөндеуден өткізуді, көгілдір отынның елді мекенге қашан келетінін сұрады.
Жалпы, ауыл әкімінің 2018 жылдың берген есебінде 8 мәселе көтеріліп, оның 3-і шешімін тапқан.
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген нақыл бар. Осы орайда, Байкенже – кәсіпкерлікті тіркеп, салықты уақытылы жинаған бірден-бір ауыл екенін айта кеткен абзал.
17 қаңтар 2019 ж. 1 015 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 10:19
Propecia Gleicher Wirkstoff Keflex Is Making Me Itch Viagra 100mg Testberichte cialis 5mg Finasteride 1 Miligramo Propecia Kamagra Aus China How To Get Free Viagra Online

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 21:33
What Does Lasix Do For Horses Cialis Rezeptfrei Test buy generic cialis Non Perscription Pharmacy