№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төменарық ауылы әкімінің есебі

Төменарық ауылы әкімінің есебі


Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Сондықтан, реформалар мен бағдарламалар ауыл халқының еңсе тіктеуіне бағытталып жатады. Осы тұста, атқарылып жатқан жұмыстардың игілігін ауыл халқы қаншалықты көріп отыр? Осыны білмекке аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжанов,  облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов және сала басшылары Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылына арнайы барып, өткен жылы атқарған жұмыстарды пысықтап, 2018 жылдың жоспарын талқылады.

Төменарық – бірлігі берік, ынтымағы жарасқан, тоғыз этностың басын біріктіріп, құт дарыған елді мекен. Ауылдың былтырғы басты көңіл қуантарлық жаңалығы – №223 орта мектебінің ғимараты пайдалануға берілді. Білім ошағы бүгінде өскелең ұрпақтың білім нәрімен сусындату жолында есігін айқара ашып, болашаққа даңғыл жол салуда. Елдімекен әкімі Найрахмен Фазылов өткен жылы жасаған жұмыстарын саралап, биылғы жылы атқаратын істері жайында ауыл тұрғындарына есеп берді. Былтырғы жылы жеке кәсіпкер Нұрболат Ашировтың қолдауымен ауылда Алланың үйі халық игілігінне берілді. Сонымен қатар, ауылдық округтің өзін-өзі басқарудың қолма-қол есепшотына түскен қаржы елді мекенді абаттандыру, көркейту көгалдандыру жұмыстарына жұмсалған.
Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес, жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында біршама жұмыстар атқарылған. Нақтырақ тоқталсақ, кәсіп жасауға ынталы тұрғындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы кәсіпкерлік саласы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен бес азамат оқуға қатысып, оның үшеуі жобасын қорғап 11 млн. теңге несие алған. Бүгінде олар кәсібін айналдырып, еңбегінің жемісін көруде.  
Десе де, ауылда шешімін таппай тұрған мәселе де жоқ емес. Тұрғындар ауылдағы 40 орындық аурухана ғимаратының ескіргенін айтып, жаңартуын сұраса, Әбубәкір Оспанов деген азамат өткен жылы егістікке берілген 30 га жерге тағы да жер қосып беруін өтінді. Ал, ақсақал Жасымбай Айтөреев бос жатқан егістік даласына шлюз салып, аяқ су жеткізуін сұрады. Соңында Төменарықтың байырғы тұрғыны, ел ағасы Серік Мұсабаев пен білікті ұстаз Балқия Бидебаева аудан әкімі мен ауыл әкімінің халық үшін аянбай жасаған еңбегіне алғысын білдіріп, ауылдан оқушыларға арнап спорт алаңын салып беруді өтінді.
19 қаңтар 2018 ж. 2 266 0