№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚЫРКЕҢСЕГЕ ҚҰТ ҚОНҒАН БА?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚЫРКЕҢСЕГЕ ҚҰТ ҚОНҒАН БА?

Ауданның кәсіпкерлік саласына екпін беріп, кооперативті қозғалысты құруда белсенді ауылдың бірі – Қыркеңсе. Елді мекен халқы мал бордақылау, егін шаруашылығына басымдық берген. Ауылда өткен жылы шешімін тауып, халық игілігі үшін атқарылған шаруалар баршылық. Бұл жөнінде ауылдық округ әкімі Жаңабай Орынбасаров саралады.

2018 жылы салық түсімдері уақытылы жиналып, мүлік салығы – 117, жер салығы – 100, көлік салығы – 102 пайызға орындалып, жергілікті бюджетке 3 млн. 700 мың теңге кіріс түсірген.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, бюджеттен бөлінген қаражатқа кіші ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары, көшелердің ойылған жерлеріне тас төсеу, тегістеу жұмыстары, ақпараттық баннер жасау, темір қоршаулар жасап, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына салықтардан және мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен 1743,0 мың теңгенің 240,0 мыңына арық тазаланды. Ал, үнемделген қаржы жергілікті қоғамдастықтың шешімімен биыл бірқатар жұмыстарға бағытталады.
Ауылдық округте 40 шаруа қожалығы мен 2 ЖШС, 5 АШӨ кооперативі егін және мал шаруашылығымен айналысса, 36 азамат жеке кәсіпкерлігін ашып, ауыл халқына сервистік қызмет көрсетеді. Мәселен, 2018 жылы ауылда 14 дара кәсіпкер мен 2 шаруа қожалық тіркеліп, жұмысын бастады. Жоғарыда атап өткендей, ауылдың негізгі күнкөріс көзі егін және мал шаруашылығы болғандықтан, ауыл тұрғындары осы бағытты дамыту үшін «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС және «Қамқоршы» кредиттік серіктестігі арқылы жеңілдетілген несие және мемлекеттен мал басын асылдандыру, күріш өнімі мен тұқымына, гербецидке субсидия алған.
Хош. Енді ауыл халқын алаңдатып отырған мәселеге келсек. «Ауылдың жақсылығы жолынан білінер», демекші халық арасынан алғаш болып сөз алған ақсақал С.Мырзабаев көшені жөндеп, жарықтандыру мәселесін көтерді. Қария бар-жоғы бір шақырымға жетер-жетпес көшеге тым құрығанда тас төселіп, жарықтандырылса деген тілегін жеткізді. Өйткені, жауын-шашын күндері жаяу жүру қиындайды.
Жалпы, ауылдық округте 16 көше бар. Оның 3-не асфальт төселіп, жарық жүргізілген. 2019 жылы тағы 3 көшені жөндеу жоспарланған. Ал, ауыл тұрғыны С.Мырзабаевтың жөндеуді талап етіп отырған көшесі, өте тар болғандықтан жөндеу жұмыстары кейінге шегеріліпті. Себебі, алдағы уақытта көгілдір отын келсе, ол көшені тағы бұзуға тура келеді екен.
Сондай-ақ, аяқ судың жетіспеуі ауыл халқын алаңдатады. 2016 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, алынған техниканы ел игілігіне пайдалану жайын да жасырмады.
Тұрғындардың айтуынша, екі жылдан бері егіс даласында техниканы пайдаланбаған. Неге?
Бұл сауалдың да жауабы табылды. Тұрғындардың талап етіп отырған техникасы осы уақытқа дейін канал қазу жұмысына жұмылдырылған. Нәтижесінде, биыл ауылға аяқ су толық жеткізілмек. Ал, техниканы жеке егін алқабына пайдаланғысы келгендер жалға алып қана кәдеге жарата алады.
17 қаңтар 2019 ж. 1 324 1

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 07:20
Boutique Levitra Generique Kamagra Pas Chere generic viagra Priligy Venta Online Baclofene Science Et Avenir Cialis Nessun Effetto