№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: АЛҒАШҚЫ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 
    Сонымен өткенді жылды қорытындылап, алдағы жоспарларын бір пысықтап алатын ауыл әкімдерінің халық алдында есебі басталды. Кеше Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев жəне Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Көктөбе ауылдық округінің əкімдері сонымен қатар, Жаңақорған аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбол Жолдасбаев, Жаңақорған ауданы бойынша салық басқармасының басшысы Берик Ниеталиев ауыл тұрғындарына 2018 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. 


    Төрт ауылда да жұмыс бір жүйеде. Десе де, шалғай елді мекендердің әлі де шешілмей жатқан түйіткілдері жоқ емес. Мәселен, Қаратөбе, Көктөбе ауылдық округ тұрғындары бүгінгі күнге дейін елді мекенде интернет жүйесінің жылдамдығының төмендігі жайында, Келінтөбе, Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындары ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі жайында, Қандөз ауылдық округінің тұрғындары Қандөз - Көктөбе ауылдық округ арақатынасындағы жол нашарлығы жайында сұрақтар қойылды. Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындары жаңа медициналық амбулатория қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді. Аудан басшысы өз сөзінде есеп беру жиынында қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 1 ай ішінде оң шешімі табылатындығы жайында жəне биылғы жылы Келінтөбе - Қаратөбе - Қандөз - Көктөбе ауылдық округтерді жалғастыратын 49 км жол толық асфальттанатындығы жөнінде айтып өтті.

    Сондай ақ, биылғы жылы бірінші кезекте Қаратөбе ауылдық округіне мемлекеттік жекеменшік əріптестік жобасы арқылы жаңа медициналық амбулаториялық бекетін ашу жоспарда бар екендігін жеткізді.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.



15 қаңтар 2019 ж. 1 427 0