№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ЖАҢАРЫҚ КӨПІРІ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ЖАҢАРЫҚ КӨПІРІ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?

Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмаларды тиянақты орындап, әр іске жауапты қарайтын жаңарықтық ағайынның былтырғы жеткен жетістіктері аз емес. Ауылда өткен жылы «Тәуелсіздік» алаңы салынып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Салық уақытылы жиналып, 138,7 пайызға орындалған. Сонымен қоса, бірнеше жылдан бері елді мекеннің бітпес дауына айналған жайылымдық жерлер шешімін тауып, бүгінде құжаттары заңдастырылуда. Демек, тұрғындар енді жақын маңдағы елді мекендерден төрт-түлігіне жайылым жер іздеп, сабылмайтын болды.

– Біздің ауылда осы уақытқа дейін жайылымдық жерлер дау болып, малды қайда өріске жіберерімізді білмей сандалатын едік. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Халықтың атынан осы істің оң шешімін тапқаны үшін алғыс білдіремін, – деді ауыл тұрғыны Мәди Тәженов.
Ауыл әкімі Сұлтан Ибрагимовтың мәліметінше, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдері мен шығыстары бойынша елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстарына 240 мың теңге, көше жарығына 743 мың теңге, абаттандыру жұмыстарына 9 млн. 15 мың теңге қаражат қаралып, толық игерілген.
Ауылда атакәсіпті арқау еткен ағайын саны жыл санап артып, 42 шаруа қожалық мал және егін шаруашылығының ілгерілуіне септігін тигізуде. Шаруалар «Іскер» бағдарламасы бойынша «Қамқоршы» несие серіктестігінен жеңілдетілген несие және «Қызылорда өңірлік инвестициялық» орталығы ЖШС, «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалынан қаржылай қолдау тауып, кәсібін өркендетуде.
Иә, тұрғындардың бірі алғыс білдірсе, енді бірі ауылдың басқада мұң-мұқтажын жеткізіп, түйіткілді мәселелердің түйіні қашан тарқайтынын сұрады. Оны сөз кезегі берілгенде бірінен-соң бірі қол көтеріп, көкейіндегі сауалын жаудыруға асыққан тұрғындардың белсенділігінен аңғардық.
Бүгінде Жаңарық дегенде көз алдымызға бірден тозығы жетіп, жарамсыз болып, апаттық жағдайда жабылып қалған көпір көз алдымызға келеді. Осы көпірмен 7 ауылдық округтің көліктері қатынайды. Жиында осы мәселе де көтерілді. Бүгінде көліктер айналма жолды пайдалануда. Осы айналма жолдағы көпірді жаңарықтықтар қолмен тұрғызған. Ондағысы көпір арқылы төрт-түлікті өріске айдау үшін. Қазір көпірден түрлі ауыр жүк көліктері өтуде. Сондықтан бұл көпір де апаттық жағдайға жеткен. Ал, айналма жол бойындағы тұрғындар жазда ақ шаңға оранып, жауында батпақтап жаяу жүруден қалған. Бұған кім жауапты? Халықтың қара күшімен салынған көпір жарамсыз қалса, оны кім қайта жөндеп бермек?
Бұл сұраққа кездесуге арнайы келген облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бөлім басшысы Нұртай Қуанышбеков жауап берді.
– Көпір былтыр апаттық деп анықталып, жабылды. Көпірді қайта салу жобасы бүгінде мемлекеттік сараптамадан өтуде. Наурыз айында сараптама қортындысы дайын болса, бюджеттен қаржының қаралуын күтеміз. Қаржы бөлінісімен іске кірісеміз. Айналма жолдағы көпірді де қайта жөндеп береміз, – деп уәдесін берді облыстан келген маман.
Дегенмен, аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы облыстан келген өкілдің жауабына қанағаттанбады. Жақын арада көпірді жөндеу жұмыстары жүзеге аспайтын болса, облыс әкім Қырымбек Көшербаевқа осы мәселемен жүгінетінін ескертті.
Сондай-ақ, ауыл халқы медициналық пункт жаңарып, аяқ су жеткізілсе, ауыз судың құрылыс жұмысы біткенше күніне екі рет халыққа көлікпен су жеткізіліп берілсе деген тілектерін жеткізді. Басшылар көтерілген мәселенің барлығы осы жылы шешімі табылатынын айтты.
17 қаңтар 2019 ж. 1 193 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 17:08
Best Buy Zentel Levitra Precio 10 Mg priligy plus cialis Pharmary Online Cialis 20 Controindicazioni Tab Generic Isotretinoin Website Cod Accepted

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 07:20
Amoxicillin Potentiated By cialis tablets for sale Amoxicillin Competitive Inhibitor Effet Secondaire Mifepristone