№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕЙДЕН КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫНА ТҮСТІ МЕ?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: КЕЙДЕН КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫНА ТҮСТІ МЕ?

Келешегі кемел кейдендіктердің өткен жылғы көңіл қуантарлық басты жаңалығы – Аққұм ауылында 100 орындық жаңа білім ошағы жыл соңында оқушыларға есігін айқара ашып, елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында округте бірнеше тұщымды тірліктер тындырылды. Осы орайда, ауыл әкімі Бақтияр Тоқтыбаев өткен жылы атқарған жұмыстарының жайын халық алдында түсіндірді.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Бұл бағытта кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Осы орайда, кейден ауылдық округінде 2018 жылы кәсіпкерлік нысандарының саны артып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі өсті. Такси қызметімен ұсынатын кәсіпкерлер көбейіп, егін шаруашылығымен айналысуға 7 кәсіпкерлік нысаны ашылса, наубайхана, бал арасын өсіру, қолөнер және әшекей бұйымдарын жасау, автокөлік жөндеу, кондитерлік өнімдерін өндіру, және төрт мал шаруашылығы кәсіпкерлігі тіркелді.
Сондай-ақ, елді мекенде Республикада тұңғыш болып жүгері сусынын шығаратын шағын кәсіпорын ашылды. Кәсібін ашқан тұрғындар кәсіпкерлік палатасынан кеңес алып, «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржылай қолдауға ие болып, «Бастау-бизнес», «Бизнес кеңесші» курстарын оқығандар да жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы бойынша Кейден елді мекенін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су тоспасы орнатылып, Сырдария көшесі бойы қоршалып, көше бойына ағаш отырғызылып, су айдайтын насос алынған.
Ал, елді мекенді абаттандыру аясында Аққұм елді мекеніндегі көшеге тас төселіп, Кейдендегі Жалаңаш көшесі мен Жалаңаш әулие кесенесіне жол салынып, Жаңақорған Кейден аралығындағы 7 шақырым жол асфальтталған. Соғыс және еңбек ардагері Р.Көкеев атындағы ардагерлер саябағы ашылған.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын жеткізіп, басшыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта Сырдария көшесінің аяғындағы 500 метр көшеге аяқ су жеткізіп, жаңа мектептің алдындағы 300 метр жерге жаяу жүргіншілер жолын салып беруді сұрады.
17 қаңтар 2019 ж. 934 1

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 09:39
Hydrochlorothiazide Aldactazide With Overnight Delivery Cod Only Acquisto Levitra Italiano viagra Comprar Cialis Generico En Murcia Propecia Vademecum Priligy Fda Approval