№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ХХІ ғасыр бізге не берді?

ХХІ ғасыр бізге не берді?

Өз егемендігіне қол жеткізген еркін елдің ертеңін айшықтайтын асқақ жобалардың қатарында жаңа Астананың аз ғана уақытта бой көтеруі Қазақстан халықтары бірлігінің жарқын символын паш етті. Ерке Есілдің екі жағынан жаңа үлгіде тұғыр тіккен ғажайып құрылыстар ғасырдың қолтаңбасы ретінде ұлы даланың ұлағатына көз суарып, көңілдерге қуаныш ұялатады.

«Қасиетті Қазақстан жері ата-бабамыздың тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер» деп ой түйіндеген Елбасы Арқа төсінде арна тартқан Ақмоланы астанаға айналдыру жөнінде «Тәуелсіз елдің өз астанасы болу керек» деп батыл шешім қабылдады. Сол кездегі қаншама керітартпа пыйғыл, кекесін әңгіме, кінәшіл пікірлерге табанды төзім, талапты сенімді қарсы қойып, өз идеясының дұрыстығын, сұңғыла саясаткерлігін дәлелдеді. Өз елінің халқы ғана емес, ғалам мойындаған мәртебесінің мерейіне қауышты. Ол тек Қазақстанның жаңа астанасын емес, ұлттық идеясын өмірге әкелді.
Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді көсемдердің есімі өз мемлекетінің жадында қалай сақталса, халқы қалай мақтаныш тұтса Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасы да туған ұлтының жүрегіне соншалықты қымбат та, қастерлі.
ХХІ ғасырды Қазақстан ғасыры деуге болады. Елдің аяққа нық тұрып, алға қарай қарыштап дамуы қажетті алғышарттар ғасыр басында тиянақты жоспарланып, жүйелі жұмыстар жүрді. Ең өзекті де, өркенді жоба – «2020 бағдарламасы» дүниеге келді.
Оны өркендету арқылы Қазақстанды әлеуеті күшті, өркениетті елу елдің қатарына қосу үшін адам да, қоғам да, қоғамдық қатынастар да сананың және сапалық тұрғыдан өзгеруге тиіс еді. Кезінде АҚШ-ты дағдарыстан шығаруда «Жаңа бағдарламаның» қуаты қаншалықты болса Қазақстанда «Жол картасы» бағдарламасы соншалықты мазмұнға ие, құрылымы мықты, қаржыландыру тетіктері тиімді механизм ретінде ел экономикасын еңіске шығарды. Бұл бағдарлама тәуелсіз елдің экономикасын ғана емес, идеологиясын да дамытты.

Егеменді ел көрінісі – бетегелі Бел көрінісі

«Ұлы дала» алтын діңгегі – ауыл. Ауыл – ұлт генефонды, рухани тамыры, мәдени коды. Кеңестік кезеңде Отанға миллиард пұт астық тапсырып келген қазақтың қазыналы кең даласында бүгінде 215 млн. гектар ауыл шаруашылығына арналған жер ауданы бар, бұл әлемдік ресурстың 4 пайызы. Біздің ел әлемдегі ірі астық экспорттаушы 10-ның бірі. Орта Азия елдеріне жыл сайын 6 млн. тонна, Европалық Одақ елдеріне 2 млн. тонна астық жөнелтіледі. Жалпы 70-ке жуық елге астық экспортталады. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында мемлекет соңғы 6 жылда агроөнеркәсіп кешеніне 6 млрд. доллардан астам қаржы салды. Ауыл шаруашылығы фермерлері үшін «Сыбаға», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары түзілді. Таза сумен қамтуда «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүйелі жұмыс жасап келеді. Жер Кодексіне өзгерістер енді. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жерді қолданудың жекелеген нормаларына мораторий жарияланды.
2010 жылдың 3-шілдесі Қазақстанда тұңғыш шойынның қорытылғанына 50 жыл толды. Осы тарихта Мемлекет басшысының қолтаңбасы алтын әріппен қаттаулы. Оның алғаш еңбек жолы Қазақстан магниткасымен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда Қазақстан 70-тен аса халықаралық ұйымдарға мүше. Еліміздің аса ықпалды халықаралық ұйымдар – Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастықтың ұйымы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі Қазақстанның жоғары беделін айқындайды. ЕҚЫҰ-саммитінің ұзақ үзілістен кейін Астанада өткізілуі де егемен мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде мерейін биіктетті.
Қазақстанда Дүниежүзі құрылтайы болып өтті. Қандастарымыз Ұлытау мен Түркістанға тағзым етіп, тарих алдында тағдырларын таразылауға мүмкіндік алды.
Қазірде қазақ жерінде 130 ұлт өкілдері мен 46 діни конфессия ынтымақ пен татулық туы астында алаңсыз ғұмыр кешіп келеді.

Түйін. Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында «Тәуелсіздік дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінген шыңыраудың шетіндегі қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық» деп жазды. Біз сол қатерлі соқпақпен жай ғана жүріп қоймай, шың басына қарай өрлеп келеміз. Оған біздің ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде жеткен жетістіктеріміз толығымен куә.


Баян ҮСЕЙІНОВА.

12 қаңтар 2019 ж. 939 1

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 21:44
Usa Pharmacy Online Viagra Bonamine Discontinued buy zoloft on line Cialis Como Tomarlo