№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Білікті жастар елдің ертеңі

Білікті жастар елдің ертеңі

  Мәскеу қаласында 400-ден аса қызылордалық жастар білім алуда. Олармен еркін форматта кездесу өткізіп, әңгіме-дүкен құрған едік. Бойларыңда жігер, көздерінде от бар білімді де білікті жастар елдің ертеңін көркейтетіндеріне сенімді. Әңгіме барысында бірнеше сұрақ қойып көзқарастарын біліп, пайым-парасатын зерделеген едік.
Сонымен...

1. Өркениетті қоғамның негізгі
нышаны қандай?
2. Бәсекеге қабілетті болудың негізі неде?
3. Сіздің алатын мамандығыңыз несімен ерекше немесе маңызды?
4. Туған өлкенің дамуына қандай үлес қосқыңыз келеді?
5. Қазақстанның келешегін қалай елестетесіз?
1 Өркениеттілікті біліммен өлшеуге болады. Себебі, білімнің қуатына тең келетін рухани күш, қуат көзі жоқ екенін жақсы түсінеміз. Білім – биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың құрамдас бөлігі, ілге­рілеудің қайнар көзі. Ғұлама жазушы М.Әуезовтың: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», – дегені соған дәлел.

2 Білімділік – адамның құдірет күші, бәсекеге төтеп беретін қуаты. Бірақ, кейде білімді болу да аздық етеді. Уақыт ырқына қарай тез шешім шығарып, тез қимылдап әрекет ете білу де маңызды.

3 Ресейдегі озық жоғары мектептің бірінде «Нано­технология және микро-жүйелік техника» маман­дығы бойынша білім аламын. Алдағы уақытта Қызылордаға келіп мамандығыммен жұмыс жасауға ниеттімін.

4 Қазақ жері табиғи байлыққа толы. Яғни, мұнай мен газдың да, алтын мен көмірдің де мол қоры бар. Алайда, тәуелсіздікті алмай тұрғанда осынау табиғи байлықты халық қажетіне жарата алмадық. Сол себептен отандық экономиканы қарышты өркендету мүмкін болмады. Тәубе! Тәуелсіздік елдің бағын ашып, халықтың әлеуметтік әлеуетін арттырды. Экономиканы әртараптандырып, индустриялық-инновациялық өнді­рістер ашыла басталды. Ауылшаруашылығы саласында дайын өнім өндіруге мән берілуде. Енді оны заманауи іліммен қаруланған жастар дамытуы тиіс-ақ. Міне, осындай жұмысқа дем беру үшін білім алудамын.

5 Ескі-ескі заманнан қазақ ұлтының мұраты бар. Ол – «Ұлы Елге» айналып, мәңгілік салтанат құру. Мұндай арман-мұрат ұлттық кодымызда айқын көрініс тапқан. Бүгінде асқақ мақсат жолына түстік. Мемлекет басшысының бастамасымен сондай берекелі қоғам құрылатынына сенемін.

Ислам НҰРАН,
Мəскеу ұлттық зерттеу технологиялық
университетінің студенті.

06 қараша 2018 ж. 1 705 0