№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » ӨЗГЕРІС ӨЛШЕМІ – ӨРКЕНИЕТТЕ

ӨЗГЕРІС ӨЛШЕМІ – ӨРКЕНИЕТТЕ

Мәскеу қаласында 400-ден аса қызылордалық жастар білім алуда. Олармен еркін форматта кездесу өткізіп, әңгіме-дүкен құрған едік. Бойларыңда жігер, көздерінде от бар білімді де білікті жастар елдің ертеңін көркейтетіндеріне сенімді. Әңгіме барысында бірнеше сұрақ қойып көзқарастарын біліп, пайым-парасатын зерделеген едік. 
Сонымен...

1. Өркениетті қоғамның негізгі 
нышаны қандай? 
2. Бәсекеге қабілетті болудың негізі неде? 
3. Сіздің алатын мамандығыңыз несімен ерекше немесе маңызды?
4. Туған өлкенің дамуына қандай үлес қосқыңыз келеді? 
5. Қазақстанның келешегін қалай елестетесіз?



1 Өркениетті қоғамды – мəдени салт-санасы кемелденген, заманауи технологияларды мең­герген ретінде танимын. Өз басым өркениетті қоғамның басты критерийі – сыбайлас жемқорлықты құрықтаған, заңы үстемдік құратын, әділ қоғамды санаймын. Себебі, озық елдердің рейтингісін түзгенде осы критерийлер есепке алынады.

2 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің ұлттың бəсекеге қабілеттілік деңгейі оның білімінде» деген еді. Адам капиталы елдердің озық болуында негізгі қозғаушы күшке айналды. Олай болса, біліммен қарулану – заман талабы.

3 Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жетістікке жетелейтін жаңа мамандықтарды атады. Мен игеріп жатқан «Электроника жəне наноэлектроника» мамандығын сол санатқа қосар едім.
Бүгінде Мəскеу жəне Санкт-Петербург қаласында білім алатын қазақстандық жастардың кез-келген мамандығы – болашақтың мамандықтары дер едім.

4 Магистратураны бітіргеннен кейін Қызыл­ордаға қайтып, мамандығым бойынша қызмет еткім келеді. Осылайша, облыс басшыларының, ата-анамның үмітін ақтағым келеді.

5 Қазақстан салаларды цифрландыруды жүйе­леп, дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі. Көк түрік заманынан келе жатқан «Мәңгілік Ел» мұратын шындыққа айналдырады.

Асылан ҚАСЕН,
Мəскеу ұлттық зерттеу технологиялық
университетінің магистранты.
06 қараша 2018 ж. 1 612 0