Жастар, бізге сақал қойған жараса ма?
«Қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен келешегі» Қазақстан дінтанушыларының VIII форумы басталды. Онда діни салаға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланады, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернат газеті baq.kz сайтына сілтеме жасап.
2011 жылдан пікір алмасу флатформасы ретінде қалыптасқан форумда қауіпсіздік, келісім және тұрақтылықтың негізгі үрдіске айналдыру мәселелері талқыланып келеді.
«Жалпы, бұл заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Алайда сенат жастардың шетелде діни білім алуына қатысты бір-екі ұсыныс енгізіп, құжат мәжіліске кері қайтарылды. Бірақ онда бет-әлпетті тұмшалайтын киімге қатысты норма сақталып отыр», – деді Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.
Оның айтуынша, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін атрибуттар тек дін жағынан емес, қауіпсіздік жағынан да маңызды. «Мәселен, адам көшеге бетін тұмшалап шықса, ол күдік тудырады ғой. Оның мақсаты қандай деп ойланасыз?» – дейді вице-министр.
Жалпы, қазақ тілінің сөздік қорында ақсақал, қара сақал, қаба сақал, қырма сақал деген сөздер бар. Бұл – қазақ ұлтында сақал қою дәстүрі ежелден кең таралғанын білдірсе керек-ті. Осыдан оншақты жыл бұрын немерелерін аялап отырған қарияларды сақалсыз елестету қиын-тұғын. Бүгінде жап-жас жігіттердің сақал қоюы жиілеп кетті.
Осы ретте, сақалды қай жастан қойған дұрыс? Сақал қоюдың формасы, мөлшері қандай? Сақал қоюдың дініміздегі орны қандай?
Сақал жөнінде mazhab.kz сайты былай дейді: «Адамзат тарихын ақтарып қарасаңыз сақалға дін, ұлттық, салт-дәстүр шеңберінде мән-мағына берілген екен. Мысалы, Тауратта сақал қоюға тыйым салынған (Левионистер, 19/27). Яхудилерде сақалды ұстарамен алуға тыйым салынған да, қысқарту мен жанынан күзеуге рұқсат етілген. Батыс христиан әлемі мен буддистер де сақалды қырып тастау дәстүр болса, Шығыс христиандары мен үнділерде сақалды сол қалпы қоя беру дәстүр болыпты.
Ал, Құранда «Таһа» сүресінің (20/94) тоқсан төртінші аятында сақал туралы мәлімет бар. Бірақ, бұл аятта сақал ешқандай діни норма, үкім не бұйрық мағынасында емес: Хз. Харун аузынан «Ей, анамның баласы, менің басымнан ұстап, сақалымды жұлма». Бұл жерде оның сақалы мен шашының ұзын екендігін көреміз. Сақал қою ораза, намаз, қажылық, зекет сияқты діни танымның бес парызына кірмейді. Себебі, ол адамның Алламен байланысындағы ар, иман, ақыл мен жүрек әрекеттеріне де жатпайды».
Қазақ тарихында өзіндік орны бар Ыбырай Алтынсары, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сақалды дәстүр ретінде ұстанғаны хақ. Ал, бүгінгі жастар сән ретінде де қолдана бастады.
Вице-министр Берік Арын: «Сақал сантиметрмен өлшене ме, жоқ па, оны кейін болашақта талқылаймыз. Арнайы сарапшыларды, елімізде ресми тіркелген діни бірлестік өкілдерін тартамыз. Солардың пікірін ескере отырып дайындаймыз», – деді.

Ерлан РАЙМБЕК.