№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА ГАЗ БАҒАСЫН КӨТЕРЕ МЕ?

ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА ГАЗ БАҒАСЫН КӨТЕРЕ МЕ?


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында газ және газбен жабдықтау мәселесі талқыланып, электронды сауда алаңдарын енгізу ұсынылды. Осы орайда палата депутаттары газ таратудың жаңа әдісі оның бағасына қалай әсер ететінін сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Талқыланып отырған заң жобасының жаңалықтарына келер болсақ, халықтың, оның ішінде шалғай аудандарда кеңінен пайдаланылатын әлеуметтік маңызды тауар газ екенін бәріміз білеміз. Заң жобасы газ нарығына, құрылымына қалай әсер етеді, ұсынылып отырған жаңалықтар тұтынушыларға арналған бағада қалай көрініс табады?» - деп сұрады Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай ҰЭМ мен Энергетика министрлігі өкілдерінен.
Бұл сұраққа жауап берген ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы Махамбет Досмұхамбетов электрондық сауда алаңдары арқылы газды сатып алу оның бағасына әсер етпейтінін айтты.
«Қазір өндірістегі көтерме баға мен халық алып жатқан бағаның арасында өте үлкен айырмашылық бар. Сондықтан электронды сауда алаңдары арқылы газ сатып алу олардың арасында тауып жатқан пайданы азайтады, бірақ халыққа жететін газ бағасы қатты өспеуі тиіс», - деді ол.
Ал Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов электрондық сауданы енгізу делдалдардың пайдасын төмендететінін атап өтті.
«Біріншіден, бұл жүйе ұсынысты көбейтеді. Ұсыныс бар жерде баға керісінше төмендеуі мүмкін. Екіншіден, жалпы процесс кезең-кезеңмен жүреді, 20%-ға дейін, 20-дан 100%-ға дейін. Осы аралықта қандай да бір заң жүзінде өзгерістер енгізу керек болса қадағалап отырамыз. Үшіншіден, заң делдалдардың пайдасын төмендетіп, керісінше өндіруші мен тұтынушы арасын жақындастыруды көздейді. Сол себептен бағаның шарықтауы туралы болжамды байқап отырған жоқпыз», - деді вице-министр.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жайлы баяндама жасаған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, газды сатудың жаңа әдісі бағаның өсуіне мүмкіндік бермейді.
«Бұл сұрақ жұмыс тобы кезінде де туындады. Электрондық сауда алаңы алғашқы кезде 10-20%-дан аспайды. 20% электронды сауда алаңдарында сатылады да, 80% бұрынғы қалпында сақталады. Егер 20% сауда алаңында көтерме баға көтерген кезде бөлшек бағаны біреу өсіремін десе оны өсіру мүмкін емес, себебі онда 80% бұрынғы бағамен алып отырған кісіден сатып алады. Сондықтан электронды сауда алаңының біртіндеп кіруі бағаның өсуіне мүмкіндік туғызбайды», - деді ол.
Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
Назерке Абибулла
02 мамыр 2018 ж. 1 187 0