№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Нұрлы жол» жобасы қалай жүзеге асып жатыр

«Нұрлы жол» жобасы қалай жүзеге асып жатыр

   Елбасының тапсырмасына сәйкес, осыдан біраз бұрын Үкімет инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына біршама түзету енгізген.
«ÐÒ±ÑÐ»Ñ Ð¶Ð¾Ð»Â» жобаÑÑ Òалай жүзеге аÑÑп жаÑÑÑ

  Кейіннен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңартылған бағдарламаның орындалуын тапсырып, Вице-Премьер Асқар Маминге жобаларды қатаң бақылауды ұстауды сұраған еді. Бұл да бағдарламаның ел дамуы үшін маңызын білдірсе керек. Жалпы алғанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 829,5 млрд теңге қаралған екен. Қомақты қаржының қайтарымы да ел игілігінен көрініс табуы тиіс.

Қандай жобалар қолға алынды?
«ÐÒ±ÑÐ»Ñ Ð¶Ð¾Ð»Â» жобаÑÑ Òалай жүзеге аÑÑп жаÑÑÑ

  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, бұл бірінші кезекте Астананы республиканың өңірлер орталығымен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын құруды қарастырады. Яғни, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бұл жобаларға Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздері жатады. Бұдан бөлек, халықаралық дәліздер мен шекара маңы бағыттары да басымдық берілген жобалар қатарына жатқызылған. Атап айтқанда, Алматы - Өскемен, Үшарал - Достық, Бейнеу - Ақжігіт, Қалбатау - Майқапшағай, Орал - Ресей шекарасындағы Каменка бағыттары жандана түсетін болады. Бүгінгі кезеңде осы жобалардың барлығында дерлік тиісті іс-шаралар қолға алынған, яғни құрылыс жұмыстары барлық жобаларда басталды.

Жобалардан тиімділік қалай?
«ÐÒ±ÑÐ»Ñ Ð¶Ð¾Ð»Â» жобаÑÑ Òалай жүзеге аÑÑп жаÑÑÑ

  Елбасы бір сөзінде «Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуаттылықтың қайнар көзі» деген болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасының жоғарыда аталған жобалары бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау - жолдағы тіршілікті жандандырады. Атап айтқанда, автокөлік жолдары жоғары санатқа ауысып, онда ең бірінші кезекте жолдағы қауіпсіздік қамтылады, екіншіден, өткізу қабілеті арта түседі. Жайлы жолдармен көлік ағынының арта түсуі - бұл ел экономикасының серпінін де ұлғайтпақ. Айта кетерлігі, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет пен сырттан займ тарту есебінен жүргізілуде. Бюджетке салмақ түсірмеу, сонымен қатар, автожолдарды ұстап тұрудың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Осыған байланысты ақылы жолдарды қолданысқа енгізу жұмыстары да атқарылуда.

24 kz
12 қараша 2018 ж. 565 0