РОБОТ-ЖУРНАЛИСТЕР: БОЛАШАҚҚА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Жаңалықтарды жазу үшін журналист-роботтардың қызметке кірісті, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет-газеті.
Мұндай қызметке Сан-Францискодағы "Hoodline Online Media" интернет-газеті жүгінген. Мысалы, белгілі бір брендтің жаңа наубайханасы ашылса немесе қалалық автобус бағдарынан кешіксе робот-журналист ақпаратты дәл бере алады.
Мұндай роботтар бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы, спорт, ауа райы, қылмыс туралы ақпараттардың дерегін жинауға пайдалана бастады.
Бүгінде осыған байланысты қызу пікір-таластар орын алуда. Дәстүрлі басылымдардың өкілдері роботтар интеллект иесі журналисттерді алмастыра алмайтынын алға тартуда. Бірақ, жасанды интеллекттер 2016 жылы жарты миллиардқа жуық нотаны американдық БАҚ-да жазды және жариялады.
Жалпы, жаһандану цифрландыру үрдісін дендеп енгізуде. Яғни, деректер базасы кеңейіп келеді. Ақпараттар онлайн режимінде сақталуда. Олай болса журналист-роботтар үшін әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстардағы ақпараттарды қорытып, белгілі бір алгоритмдерді жазуға мүмкіндік тууда. Мұндай мүмкіндікті Ресейдің Интерфакс пен Sports.ru-да қолдануда. Украйна да робот-журналистердің қызметін пайдалана бастады. Ал, Қытайдың ірі бұқаралық ақпарат құралы – «Синьхуа» қызметке робот алынғанын хабарлады. Жасанды интеллект иесінің міндетіне экономкалық және спорт тақырыбына материалдар құрастыру кіреді екен.
Дерек көздеріне қарағанда, американдық The Associated Press ақпараттық агенттігі мен Automated Insights (AI) компаниясы бірлесе Wordsmith платформасын пайдаланып секундына 2000-дай қаржылық тақырыптардағы жазбаны жасау жолын тапты.
"Роботтар көтерілісі" кітабының авторы Мартин Форд журналисттердің функцияларын роботтар толықтай игере алмайтынын айтады. Дегенмен, бәсекеге қабілетсіз журналистер робот-журналистерге орын беріп, жұмыстан шыға бастайды-мыс.
Жалпы, қауіп журналистерге ғана емес... ВВС-тің зерттеуінше болашақта 366 мамандық иесі роботтарға орын береді.
Нұр-КЕНЖЕ.