» » ҒАЛЫМДАР ҚОҚЫС ЖИНАЙТЫН РОБОТ ОЙЛАП ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ҚОҚЫС ЖИНАЙТЫН РОБОТ ОЙЛАП ТАПТЫ

ТАМБОВ ҚАЛАСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ИНЖЕНЕР-ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ҚҰРАСТЫРУЫМЕН ТАЗАЛАҒЫШ-РОБОТ ІСКЕ КІРІСТІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ HI-NEWS.RU ПОРТАЛЫ.
Болашақта роботтар көптеген қызметтерде адамды ауыстыратыны сөзсіз. Өйткені, бүгіннің өзінде фабрикалардың құрастыру желілері толығымен автоматтандырылған. Ал алдағы уақытта роботтар гамбургер дайындауы әбден ықтимал. 
Владимир Сухоруков ойлап тапқан  тазалағыш-робот су бетіндегі қоқысты жинауға арналған. Ол Цна өзенінің аңғарында бірқатар сынақтардан сәтті өткен. Робот әртүрлі датчиктермен және сенсорлармен жабдықталған. Жұмыс барысында ол қоқысты арнайы контейнерде арнайы манипулятормен жинайды. Робот элементтерінің көпшілігі 3D принтерде басып шығарылғанымен, олар жоғары жүктемелерге төтеп бере алады.
Аталмыш өнер туындысы сынақтардан оң нәтижемен өтсе де, оныңкемшін тұстары да баршылық. Мәселен, роботтың батареясы ұзаққа жетпейді, ал қоқыстарды тарататын және тасымалдайтын тасымалдау таспасы көп күш қажет етеді екен.
08 сәуір 2018 ж. 2 423 0