» » ӘЛЕУМЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМДАР ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

   Қызылорда облысы әкімдігінде «Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Онда әлеуметтану ғылымының кешегісі мен бүгіні, ертеңі туралы толымды ойлар айтылды. Сондай-ақ қоғам дамуының қажеттілігіне орай туындаған жас ғылымның болашағы мен дамуы туралы да өзекті мәселелер ортаға салынды.
 Мемлекеттегі саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін мәселелерін зерттеу, мониторинг жасау мен нәтиже бойынша жемісті жетістікке жету жолындағы механизмдер айтылды. Айтулы шарада өңіріміздегі әлеуметтік зерттеулермен айналысып жүрген «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы мамандары: орталықтың жетекші сарапшысы, әлеуметтік ғылымдарының магистрі, әлеуметтанушы Қаражан Нұрсұлтан «Әлеуметтанушының қоғамдағы рөлі туралы» баяндама жасап семинарға қатысушыларының толғандырған сұрақтарына жауап берді.
   Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев аймақта жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулер жайлы баяндады. Семинарға БАҚ өкілдері, қалалық және барлық аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары қатысып өзара тәжірибе алмасты.
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі.
01 қараша 2018 ж. 988 0