Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 967

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 470

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 669

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 657

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » » «АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ


2018 жылғы 28 тамызда «Өрлеу» біліктілігікті арттыру институтының мәжіліс залында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастыруымен аударма жасаудың негізгі мәселелерін талқылау және қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстыру мақсатында семинар өткізілді.
Семинарға облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттер мен инспекциялардың, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты. 
Семинардың күн тәртібіне сәйкес, «Әліпби ауыстырудың өзекті мәселелері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А. Абасилов, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаева, «Аудиовизуалды полисемантикалық аударма стратегиялары» тақырыбында Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, п.ғ.к., Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы С.Жарбулова, «Сөйлеу мәдениеті және аударма» тақырыбында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Байділдаева баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар аударма мәселелері және латын әліпбиіне қатысты ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты, аударма саласын одан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстар жасады.
31 тамыз 2018 ж. 887 0