Жаңақорған аудандық сотында семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы А.Тубекбаева, судья И.Тунгышбаев, кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.
Төраға міндетін атқарушы А.Тубекбаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайлы хатын талқылап, судьялар мен сот қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық көріністерінен абай және сақ болуы ескертілді.
Өз сөзінде А.Тубекбаева кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылатынын, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатқандығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті екенін айтып өтті.
Семинар соңында А.Тубекбаева жемқорлықты жеңу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың нақты белгіленген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Елбасы өзінің «Қазақстан 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсеткен болатын деп қорытындылады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.