№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚҚОРҒАНДЫҚ БОЛАШАҚ ҒАЛЫМ

АҚҚОРҒАНДЫҚ БОЛАШАҚ ҒАЛЫМ


ХХІ ғасыр – робототехника ғасыры. Бұл – аққорғандық жастардың «Zhas PROJEKT» бойынша үйлестіретін тақырыбы. Креативті жастардың жобасын қолдау қажет-ақ. Себебі, қазір техниканың, технологияның дамыған заманы. Ғылыми-техникалық прогресс экономиканы өркендетудің негізгі құралына айналды. Олай болса, жоба – уақыт тұрғысынан алғанда өте маңызды. Сондықтан, Түгіскенге арнайы барып, жастардың жұмысымен танысып қайттық.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында адами капиталды дамыту қажеттігін баса айтқан еді. Соған байланысты облыста роботты техниканы дамыту – басым бағыттардың бірі. Біз балалар шығармашылығын ынталандыруды және сол арқылы дарындыларды анықтауға тырысамыз, – дейді жоба жетекшісі Әлихан Ікрамов.
Шыны керек, робототехника – Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Дамыған елдердің экономикасында роботтандыру жүйесі қалыптасып, тіпті, қызмет етуге кірісті. Әсіресе, Жапония елінде бұл салада озық.
Жалпы, бұл жобаның туындауына Түгіскендегі робот үйірмесіне деген жастардың қызығушылығы сеп болған. Оны тереңдетіп меңгертуге бел байлаған жастардың қызметке кіріскеніне көп бола қоймаса да жетістіктері жоқ емес.
– Робототехникамен мектеп қабырғасында жүрген жастар етене танысқысы келеді. Балалардың, әсіресе жастардың қызығушылығы өте жоғары. Сұранысқа сай мамандық алу қазіргі күннің талабы. Сондықтан жоғары сынып оқушылары техникалық мамандықтарды игеруге көбірек басымдық беруде, – деді Әлихан Ікрамов.
Оның ойынша, қазіргі уақытта әлемдік тәжірибе көрсеткендей роботтар өндіріс саласынан бөлек, ауылшаруашылығы, құрылыс, әлеуметтік салада қызмет көрсетуде. Тіпті, келе-келе роботтар еңбек нарығын толығымен қамтымақ. Сондықтан, «Zhas PROJEKT» арқылы жастарды көбірек тартып, роботтехниканың қыр-сырын үйретуге басымдық берілмек.
Қазір үйірмеде 25 талапкер аптасына екі күн дәріс алады. Жоспар бойынша алты ай ішінде 150-ге жуық балаға робот техника туралы түсінік беріп, робот құрастыруды және түрлі бағдармаларды меңгертеді.
Жобаның негізі бойынша сабақтың барысы ЛЕГО құрастырмалы бөлшектерінің шығу тарихын оқытумен басталады. Сосын робот жиынтығын құрастыруға кіріседі. Сонымен қатар, роботтың модельін құрып, матор және тетіктерімен жұмыс жасайды. Оларға жан бітіріп, ноутбукпен басқаруды үйренеді. ЛЕГО роботының қыр-сырын үйренген талапкерлер келе-келе күрделі роботтар жасауға мүмкіндік алады.
– Жоба бойынша курс аяқталғаннан кейін, жарыс ұйымдастырып, жүлде тағайындалады. Мақсат – балалар қызығушылығын арттыру, – дейді топ мүшесі Икрам Мади.
Жобадан бөлінген қаржыға 2 робот және 2 ноутбук алынған. Қалғаны жеке заттар екен.
– Робот баланың ойлау қабілетін жақсартып, өмірге деген қадамына сенімділік білдіреді. Адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтардың күнделікті өмірде қолданатын уақыт та алыс емес, – дейді топ мүшесі Балнұр Құрбанқожа.
Гулнар Абдишева менторлық ететін жобаға Айғаным Құрбанқожа белсенді атсалысуда.

Әли ТЕМІРБЕК.
16 қазан 2018 ж. 783 0