Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АГРО БИЗНЕС: ТИІМДІ ЖОБА

АГРО БИЗНЕС: ТИІМДІ ЖОБА

Биылғы жылды Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлік жылы деп жарияласа, уақыт күттірмей алғашқылардың бірі болып Жаңақорған ауданы қолдау шараларын жүргізуде. 17 ақпан күні Қызылорда облысындағы барлық несие беру ұйымдарының қатысуымен "Агро экспресс" оқыту семинарын өткізіп, 200 аудан тұрғындарына оқыту курсын ұйымдастырса, 17 наурыз күні Алматы картоп жəне көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандарының қатысуымен семинар кеңес жəне 30 наурыз күні "AGRO HUB" тәжірибе алмасу алаңы өтті.
"AGRO HUB" тәжірибе алаңына өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында Қырғызстан Республикасынан жəне Ақмола, Алматы облысынан білікті ауылшаруашылық (оның ішінде көкөніс, бақша өнімдері) саласының мамандары Жаңақорған ауданының көкөніс, бақша өнімдерін егу жұмыстарымен айналысуға қызығушылық танытқан тұрғындармен бөлісті. Алдағы күндері Өзбекстан Республикасындағы көкөніс-бақша өнімдерін жетік меңгерген мамандардың қатысуымен тəжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру жоспарлануда.
ЖЕРІ ҚҰТ, ЕЛІ ДАРХАН, КИЕЛІ МЕКЕН - ЖАҢАҚОРҒАН!
01 сәуір 2018 ж. 1 652 0