№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 73 ӘКІМІ АСТАНАҒА КЕЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 73 ӘКІМІ АСТАНАҒА КЕЛДІ


Шалғай ауылдар мен шағын қалалардың экономикасын ширату. Жеке сектор мен мемлекеттің мүмкіндігін ұштастыру. Қызылорда облысының 70-тен астам әкімі Астанаға арнайы келіп, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік әдісін дамытуды үйренеді.

Екі күндік семинарға 65 ауыл мен 7 аудан әкімі және Қызылорда қаласының әкімі келген. Оларға  жаңа әдістерді Ұлттық экономика министрлігіне қарасты  «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» сарапшылары үйретеді.  Айта кету керек, қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әдісіне басымдық берілуде. Бұл салада арнайы заң қабылданып, көптеген жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, жаңа реформа бойынша ауыл әкімдеріне дербес бюджет беру де қаралған. 
20 ақпан 2018 ж. 1 494 0