№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНЕР СӘТ ТУДЫ

ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНЕР СӘТ ТУДЫ



Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдаулары жаһандық бәсекеге қабілеттілік талаптарына қадам басқан қазақстандықтарға жаңа бағыт, жаңа мүмкіндікті нұсқайтын мазмұнды құжат ретінде құнды. Алғы күнді көрегендікпен болжаған Елбасының «Қазақстан-2050» даму стартегиясында айқындап көрсеткен тұтас тұжырымдары жос­парлы түрде іске асырылып келеді. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз дағдарысты толық еңсеріп, сенімді даму жолына түсті.
Елдің экономикасын ілгерілетуде, халықтың әл-ауқатын арттыруда агроөнеркәсіп кешенінің маңызы зор. Бұл ретте, барлық аграрлық кешендерде түбегейлі бетбұрыс жасалуы қажет. Аграрлық ғылымды дамыту қажет. Елбасы халыққа арнаған биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласы мамандары алдына осындай міндет қойды.
Жолдауда жасыл технологияға да тоқталды. Осы салаға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру жөнінде тапсырма берді. Меніңше, бұл ең әуелі ауыл шаруашылығына тікелей көмектеседі. Бір мысал келтірейін. Көрші мемлекеттерде Қазақстаннан шыққан ауылшаруашылық өнімдерін жоғары бағалайды. Себебі, экологиялық тұрғыда таза өнімдер. Осы орайда, өнімдердің тазалығын ұлттық бренд ретінде ұтымды пайдаланып, жасыл технологияны мұқият түрде ауыл шаруашылығымен интеграциялағанымыз жөн секілді.
Жолдаудан ауыл шаруашылығына ақылды технологияларды пайдалану қажеттігі жөнінде оқып қатты қуандым. Біз әлі күнге Кеңес Одағынан қалған технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейміз. Алайда дамыған елдердегі агротехнология саласы әлдеқайда озып кеткен. Сондықтан Елбасы айтқандай, жаңа технологияларды трансферттеу арқылы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге болады. Мәселен, лазерлік жер тегістейтін техника, дәнді дақылды тиімді жинайтын «MacDon» комбайыны өнімді арттыруда септігін тигізе бастады.
Яғни, Президенттің тапсырмасы ауданымызда алғашқы тәжірибеден өтіп, нәтижесін көре бастадық. Өнімділігі жоғары күріштің тұқымын ендіру арқылы жоғары сапаға қол жеткіздік. Алдағы уақытта мемлекет ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыстарына ынталы қолдау көрсетіп, отандық өнімдердің халықаралық нарыққа шығуының стратегиялық жолын табуы тиіс деп есептеймін.
Ғылым дегеніміз – инновация, табыс атаулыға тыңнан түрен салу деген сөз. Ол жер, жағдай таңдамайды, ыстық жүректің ықыласынан нәр алған зерек санада бүршік жарып, батыл қолға алып, бабын жасап, бағын ашқан қолдау-қамқорлықтың арқасында адамдардың өзіне қызмет етеді. Осы бағытта ізденуді, ілгерілеуді ұрпақ бойына еге білуіміз керек. Мамандыққа бейімдеу, қызығушылығын оятып қана қоймай жоғары оқу орындарында ауыл шаруашылығына кешенді жұмыс жасайтын түлектерді дайындау талабы өзекті бола түсуде. Міне, сонда ғана егін егіп, оның өнімін алуда интеллектуалды жүйе қалыптасады.
Бұл жылы мүлде соны сипатқа ие болып, саналарға салмақты міндет арқалатқан Президент Жолдауынан өзімнің төл салам бойынша осындай жарқын ой түйіп отырмын.

Керімхан ЕГІЗБАЕВ,
«Ғылыми өндірістік агротехнология»
шаруа қожалығының төрағасы.
16 қаңтар 2018 ж. 1 374 0