Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн кассалық аппарат барлық дүкенге қойылады

Онлайн кассалық аппарат барлық дүкенге қойылады


Көлеңкелі экономика. Тасада өрістейтін экономикалық қызметтің бұл түрі ел қазынасына салық төлеуден түсетін табысты едәуір төмендетіп отыр. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, қазіргі таңда елдегі көлкеңкелі экономиканың үлесі ішкі жалпы өнімнің 30 процентіне дейін жеткен. Оның ішінде сауда мен құрылыс саласында салықтан жалтарушылар саны артқан.


Бұл бағытта ел Үкіметі бизнесті «көлеңкеден» шығарып, қазынаға салық түсімін арттыру үшін салық-кеден саясатын жетілдіріп, қолма-қол ақша айналымы азайтылып жатыр. Аталмыш министрлік 2025 жылға дейін көлеңкелі экономиканың үлесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне, яғни ішкі жалпы өнімнің 15-17 процентіне дейін төмендету жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Ол үшін бірқатар бастамаларды қолға алмақ. Яғни, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі тауарлардың соңғы тұтынушыға дейін қозғалысын бақылауға мүмкіндік берсе, виртуалды қойма модулі арқылы автоматты режимде тауар қозғалысының процесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Өздеріңізге белгілі, көлеңкелі бизнестің алдын алу үшін 2020 жылдан бастап бірқатар салықтық өзгерістер орын алды. Соның бірі, ақшалай есеп айырысу жойылып, қолданыстағы кассалық аппараттарын онлайн жүйеге ауыстыруға көшуде. Жалпы Қазақстан бойынша 400 мың кәсіпкер төлем операцияларын жаппай онлайн түрде жүргізуге міндетті. Талапты орындамаған жағдайда кәсіпкерлер 7-ден 25 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды.
Бұл жөнінде бізге Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мұстафаев айтып берді. Оның айтуынша, Бақылау-касса машинасын (БКМ) қолдану тәртібін бұзғаны үшін жаза қатаңдатылады. Егер бұрын фискалдық органдар тек ескертулермен шектелсе, биылдан бастап БКМ қолдануға байланысты заң бұзушылықтар 7-ден 25 АЕК-ке дейін (18,6 мың теңге-66,3 мың теңге) айыппұлға ауыстырылды. Сондай-ақ биылдан бастап қолма-қол ақшамен есеп айырысу жойылады.

Әбдісамат ӘБДІШ
04 ақпан 2020 ж. 696 0