№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАРИЯЛЫЛЫҚ – ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ – ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ

Былтыр жылдың басында аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары кенттегі сауда орталықтарын аралап, кәсіпкерлерге Салық кодексінің 167 бабының 1 тармағына сәйкес тек деректерді беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын салық органына тіркеу есебін қоюға міндеттілігін түсіндірген еді. Биыл біз де осы талаптарды кәсіпкерлерге қайта түсіндіріп, талап-міндеттердің маңызын еске салу мақсатында жауапты сала мамандарымен бірге рейдке шықтық. Негізгі бағыт – «Нұр» базары мен «Нұрасыл» сауда орталығы.

Рейд құрамында Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мұстафаев пен басқарма мамандары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілі Рамазан Ахмет және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары бар.
– 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес нысандарда жұмыс жасайтындары бақылау кассалық машинасын (БКМ) қолдануға міндетті болады. Ал, 2020 жылдан бастап патент шеңберінде жұмыс істейтін салық төлеушілерге БКМ қолдану міндеттілігі туындайды. Ал, ҚР заңнамасы талаптары бойынша БКМ қолданудан жалтарған адамдар міндетті түрде жауапқа тартылады, – деді Талғат Мұстафаев.
Нақтырақ айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 284 бабының 2 және 3 тармағына сәйкес, БКМ қолданбау ҚР аумағында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратындар, сауда операцияларын жүргізетіндер, жұмыстарын орындау, ақшалай қызмет көрсетулер ақаулы немесе төлемге қабілетсіз БКМ қолданған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары тарапынан ескерту жасалады.
Сондай-ақ, іс-әрекет немесе әрекетсіздік осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, жеке нотариустар мен жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК бойынша, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ал, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.
Айта кететіні, 2018 жылдың 1-қаңтарына дейінгі салық органдарына тіркеу функциясы жоқ БКМ тіркелгендерді 2024 жылға дейін қолдауға болады. Сонымен қоса, барлық кассалық аппараттар онлайн режиміне ауысып, ол телекомуникация желілері арқылы жүзеге асады.
Сауда орнын аралап, түсіндіру барысында саудагерлер арасынан түсінбеушіліктер туындап, кассалық аппаратты қолданудан бас тартқандары да кездесті. Дегенмен, әр тұрғын өз әрекеті үшін заң алдында жауап беретіні анық...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
12 қаңтар 2019 ж. 822 0