№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2018: ҚАЗАҚСТАНДы ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР күтіп тұр?

2018: ҚАЗАҚСТАНДы ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР күтіп тұр?


Әуелі әлеуметтің әлеуетін арттыратын өзгерістерден бастасақ. Бірінші, 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап, елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі. Яғни, үш бірдей әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы жүйесі енгізіледі. Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдіғанит Ахметовті сөзге тарттық.
Сала басшысының айтуынша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады. Олар: бірінші, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан төмен болған жағдайда жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек. Екінші, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы. Үшінші, кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Сонымен қатар, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалатыны белгілі болды.

2018 жылдың 1шілдесінен бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Яғни, азаматтардың 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін және 1998 жылдың 1-қаңтарынан кейінгі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Бүгінгі таңда елімізде базалық зейнетақы алатын 2 млн. 139 мың адам бар. Олардың 44,1 пайызының базалық зейнетақысы екі есеге көтеріледі. Яғни, бұл зейнеткерлер бүгінгі күні – 14466 теңге алатын болса, 1-шілдеден бастап – 28274 теңге зейнетақы алады. Сала мамандарының сөзінше, бұл шара еңбек өтілі көп бола тұра аз зейнетақы алып келген зейнеткерлердің зейнетақысын айтарлықтай жоғарылатуға, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға мүмкіндік береді екен.
Сондай-ақ 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, әйелдердің зейнетке шығу жасы 6 айға ұлғаяды. Ендігі кезекте, 1960 жылы 1-қаңтар мен 30-маусымда туылған нәзік жандылар 58,6 жаста зейнетке шығатын болады. Ал, 1960 жылы 1-шілде мен 31-желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, ерлер мен әйелдер де бірдей 63 жастан зейнетке шығатын болады.

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап 16 пайызға дейін өсетін әлеуметтік төлемдер тізіміне асыраушысынан айырылған және еңбекке жарамсыз болып қалған отбасылар кіретін болады. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыға сәйкес, келер жылғы 1-қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен он алты пайызға арттыру жүргізілуде. Жалпы, міндетті әлеуметтік сақтандырудың 6 түрі бар. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдай; асыраушысынан айырылған жағдай; жұмысынан айырылған жағдай; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдай; жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдай; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай. Түйіндей айтқанда, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік міндетті сақтандырудың көлемі ең аз жалақыдан 80 пайызын алып тастау арқылы белгіленеді.

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстандықтар келер жылдың 1-қаңтарынан бастап автокөліктерін интернет арқылы тіркеуге мүмкіндік алады. Және де жүргізушілер үйден шықпай-ақ ерекше нөмірлерге тапсырыс бере алады. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жасалған Жол картасы. Оған қоса, қажетті құжаттарын ұсынып, мемлекеттік баж салығы мен айыппұлдарды еgov.kz порталы арқылы төлей алады. Мәселен, Алматы мен Астана қаласының тұрғындары Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін 5 жұмыс күнінде, ал қалған аймақтар 15 күнде алуға мүмкіндігі бар.

ҚЫСҚА-НҰСҚА...

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап газ бағасы қымбаттайды. Энергетика министрінің көгілдір отынның көтерме бағасын шектік деңгейге дейін көтеру туралы бұйрығы ресми түрде жарияланды. Құжатқа сәйкес, келер жылдың 1-қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін көгілдір отынның бір тоннасы қосымша құн салығынсыз 38 701,67 теңге болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда газ бағасы қосымша құн салығынсыз 34 319 теңге. Яғни, 10 пайызға қымбаттайды деген сөз.
2018 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы сандық телевизияға қол жеткізеді. Сол кезде мыңға жуық станса отандық телеарналарды цифрлық сапада көрсетуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың алғашқы екі айында науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуы үшін қосымша 894 млн. теңге бөлінді.
2018 жылы мереке күндеріне орай 17 күн демалыс беріледі. Олардың бірқатары демалыс күніне сәйкес келеді. Ал, мереке мен демалыс күндерін қоса есептегенде барлығы 118 демалыс күні беріледі екен.
Жалпы алғанда, 2018 жылы әлеуметтің әлеуетін арттыратын әлеуметтік төлемдердің басым бөлігінің көлемі ұлғаяды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың тұрмысының түзеліп, тіршілігінің тіктелуіне септігін тигізеді.

04 қаңтар 2018 ж. 2 880 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 10:53
Vigara http://drugsed.com Amoxicillin Expiration Dates Trial Erection Packs Secure Free Shipping Hydrochlorothiazide Direct Delivered On Saturday

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 19:49
Amoxicillin Trihydrate Clavulanate Potassium online cialis Viagra Opinioni Generic Propecia Safe Kamagra Oral Jelly Packungsbeilage