№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды


Digitalkz.kz - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сайтқа кірушілер бағдарлама туралы, оның бағыттары және жүзеге асырудың жол карталары бойынша толық ақпаратты таба алады, сондай-ақ еліміздегі цифрландыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жобалар туралы біле алады.
Digitalkz.kz сайтында Бағдарламаның әрбір бағыттарына арнайы тараулар арналған. «Жаңалықтар» тарауында жоспарлар мен қол жеткізілген нәтижелермен, қазақстандық жобалардың шынайы табысты тарихы жөніндегі қызықты мақалалармен танысуға болады. Мәселен, «Барлық өнімдердің жолы QR-кодта: егістік және фермалардан дүкен сөрелеріне дейін» материалында Қазақстанда алдағы жылы енгізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесі туралы айтылады.
Сонымен бірге, digitalkz.kz сайтының редакциясы әлемде өтіп жатқан цифрландыру процестері туралы,басқа елдердің жаңа технологияларды енгізудегі тәжірибелері жөніндегі жетекші шетелдік БАҚ-тың танымдық мақалаларының аудармасын жариялайды
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы желтоқсанда Қазақстан Үкіметі цифрландыру бағдарламасын бекітті. Ол 2018-2022 жылдарға арналып есептелген және республикамыздағы экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуге және цифрлық технологияларды қолдану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
20 маусым 2018 ж. 742 0