№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОНЛАЙН САЙТТЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ

ОНЛАЙН САЙТТЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ


Елімізде халықты дәрімен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем шеңберінде жүзеге асады. Бұл туралы толық ақпаратты медициналық ұйымдардың ақпараттық тақтайшасынан табуға болады. Амбулаторлық кезеңде дәрілерді беру тегін, ал тізбе негізінде амбулаторлық-емханалық ұйымдарға бекітілген дәрігердің рецепті бойынша жүргізіледі. Ал, тегін дәрі-дәрмекке кімдер қол жеткізе алады деген сұраққа келсек. Негізінде амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы керек. Бұл туралы ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет.
Осы тұста, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылдан бастап, онлайн сайт іске қосылды. Ендігі кезекте, диспансерлік емделушілерге тегін босату үшін аймақтарға қандай дәрі-дәрмектер жөнелтілгені туралы ақпаратты бірыңғай дистрибьютор сайтының «2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат» деген бөлімінен көруге болады. «СҚ-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде емделушілер бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана туралы қажетті мәлімет таба алады. Яғни, ашықтыққа негізделген ғаламтор сайтында пациенттер өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектің бар-жоғымен қоса, өзге де қажетті ақпараттарды алу үшін шұғыл байланыс телефонын орнатқан.
Ақпарат ретінде айта кету керек, 2018 жылы халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 106429019926 теңге жұмсалатын болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда қаражат 38 пайызға артық бөлінеді. Ал, халық аурудың 48 тобы, 6 медициналық өнімнің түрі бойынша халықаралық патенттелмеген атаулы дәрі-дәрімектің 274 түрімен тегін қамтылмақ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 289 0