7-20-25 бағдарламасының негізгі бағыттары бекітіледі
Мамыр айының соңына дейін ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасының негізгі бағыттарын бекітеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«7-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады «Мемлекет басшысының ипотеканы қолжетімді ету бойынша бірінші әлеуметтік бастамасы бағдарламасын бекітуге дайынбыз. Мамыр айында аталған бағдарламаның базалық ережесін қабылдау жоспарланған», - деді О. Смоляков Сенатта өткен дөңгелек үстелде. Сонымен бірге, Ұлттық банк өкілі бағдарламаның құрылымы туралы әңгімелеп берді. «Бағдарлама 7 проценттік мөлшерлемеден, 20 проценттен аспайтын бастапқы жарнадан және 25 жылға дейінгі несие мерзімінен құралған. Мұндағы негізгі қағида - мөлшерлеменің көбейтілмеуі, яғни қарызды беруде, қызмет көрсетуде ешқандай комиссия алынбайды. Басты талап - ресми кіріс көзінің болуы, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінің расталуы. Ол үшін салық органдарының немесе БЖЗҚ анықтамасын әкелуге болады. Яғни, бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де арналған», - деп түсіндірді ол. «Нұрлы жер» бағдарламасымен баспана беруде үй салушылар немесе агенттен тікелей сатып алынатын жаңа баспаналарға басымдық беріледі. «Біздің ойымызша, бағдарламаның әлеуеті зор - бес жылда шамамен триллион теңге айналымға түседі. Жылына шамамен 200 млрд теңге жаңа ипотекалық несиелер рәсімделеді», - дейді Олег Смоляков. Бұған дейін «7-20-25» бағдарламасының 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылатыны хабарланған еді.
inform.kz
Пікір 1