Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс

Президенттің салық саясатына қатысты айтқан бастамалары – экономикалық реформалардың маңызды бөлігі. «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс» деген ұстаным – мемлекеттің ашықтығы мен әділеттілігінің кепілі. Бұл ең алдымен қоғамда сенім орнатуға бағытталған қадам.
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу – көлеңкелі экономиканы азайтып, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені жеңілдетеді. Нәтижесінде салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас бақылаушы сипаттан сервистік үлгіге ауысады. Бұл – бизнес үшін қолайлы орта қалыптастырудың басты шарты.
Жаңа Салық кодексінің тек техникалық түзетулермен шектелмей, салық мәдениетін қалыптастыруға басымдық беруі – стратегиялық тұрғыдан өте дұрыс шешім. Өйткені адал төленген салықтың елдің дамуына бағытталатынын халық айқын сезінген жағдайда ғана экономикалық жауапкершілік артады.
Ал даму институттарының қызметін қайта қарау – кәсіпкерлікті қолдаудың тиімділігін арттыруға жол ашады. Олар нақты секторға инвестиция құйып, бизнеске жаңа мүмкіндіктер беру арқылы экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуы қажет.
Жалпы, бұл бастамалар Қазақстан экономикасын ашықтыққа, әділеттілікке және инвестициялық тартымдылыққа бағыттайтын маңызды қадам болып отыр.
Бекзат Омирзаков - жас маман.




