№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салық рақымшылығын кімдер алады?

Салық рақымшылығын кімдер алады?

Мемлекет басшысының бастамасымен шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауға қатысты жұмыстар жан-жақты нақтыланды. Оны кәсіпкерлер сезіне бастады. Әсіресе, Жолдауда «Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керек...» деп, биылдан бастап отандық бизнес үшін салық рақымшылығын жасауды тапсырды.

Тапсырмаға сай жұмыс басталып кетті. Осыған орай, әр аймақ кәсіпкерлерін саралап, оларға салық рақымшылығының артықшылығын түсіндіруде.
Көпшілік Президенттің салық рақымшылығын жариялағыны туралы мағлұматты Жолдаудан оқып білді. Ал, кей кісілер басқармаға келіп нақты дерек алады. Осы ретте, біз де Елбасының «Бизнес өз жұмысын жаңадан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын...» деген жүктемесіне орай жұмыс жасаймыз. Алдағы наурыз айында толық салықтық рақымшылықтың механизмі егжей-тегжейлі белгілі болып, нақты шешім келсе, сол бойынша іске кірісеміз.
Осыған дейін біздің мемлекетте екі рет, яғни, 1997-1999 және 2011-2015 жылдары бизнес субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметі оңтайландыру үшін өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару бойынша жұмыстар жүргізілген. Мәліметтерге сүйенсек, 2011-2015 жылдары өсімпұл мен айыппұл сомасы – 143,7 млрд. теңгені құраған. Сөйтіп, 2011 жылы – 23,1 млрд., 2015 жылы – 120,6 млрд. теңге есептен шығарылған. Нәтижесінде, 2015 жылы салық рақымшылығы акциясын игілігіне икемдеген кәсіпкерлердің 67 пайызы, яғни, 680 мыңнан астам салық төлеушінің бүгінде салыққа қарызы жоқ.
Биыл жүргізілетін салық рақымшылығына тоқталсақ. Мемлекет басшысы 2018 жылдың 28-желтоқсан­ында салық рақымшылығы туралы Заңға қол қойды. Аталмыш заң осы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді. Осыған орай, салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1-қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді. Айта кету керек, ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретіндер салықтық рақымшылыққа жатпайды.
Алдын-ала болжанған деректерге сүйенсек, ел бойынша 2018 жылығы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектісі салықтық рақымшылыққа қол жеткізе алады. Ескеретіні, салық төлеуші негізгі қарызын төлеген жағдайда ғана өсімпұл мен айыппұл сомасы алынып тасталады.
Алдағы наурыз айынан бастап Қаржы министрлігімен салықтық рақымшылықты оңтайлы жүзеге асырудың ұтымды тұстары қарастырылып, өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару қағидасы әзірленіп, бекітіледі. Осыған сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару жөніндегі жұмысына жобамен наурыз айында кірісетін болады.
Айта кетейік, рақымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешкімнің табалдырығын тоздырып, есігін қағудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі қарызын төлесе, үш жұмыс күнінің ішінде есептен шығару туралы тиісті шешімдер шығарып отырады. Салық төлеушілер негізгі қарызы мен өсімпұл мөлшерін «салық төлешінің кабинеті» веб-қосымшасынан көруіне болады. Сонымен қоса, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электронды үкімет» порталының «Салықтық берешектің жоқтығы туралы ақпарат» сервисі арқылы онлайн режимінде алуға болады.
Қорытай айтқанда, салықтық рақымшылық – кәсіпкерлерді қолдаудың негізгі тетігі. Осындай жеңілдіктер арқылы шағын және орта кәсіп иелерінің жұмысы оңтайланып, кәсібін өркендету жолындағы кедергілері азаятыны анық. Бастысы, рақымшылық арқылы кәсіптің көлеңкелі тұстары азайып, ашықтық пен жариялылық орнығады деген сенімдеміз.

Берік НИЕТАЛИЕВ,
Жаңақорған аудандық мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы.

12 ақпан 2019 ж. 819 0