№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыссыздықты қысқартуға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама. Осы бағдарлама аясында аудандағы кәсіпкерлер қолдауға ие болып, қаржы алуда. Мәселен, 2024 жылы бағдарлама игілігін 184 кәсіпкер көріп, 1-6 млн. теңге көлемінде несие алды.
Олар өзі ұсынған бизнес жоспарына сай 205 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл бағдарлама бір жағынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталса, екінші жағынан жұмыссыз жандардың санын азайтып, еңбекпен қамтылуға мүмкіндік ашты. Қомақты қолдау көрген кәсіпкерлер жайында білмекке «Мансап» орталығының маманы Руслан Мұсаевқа хабарластық.


– Биыл кәсіпкерлерге айрықша қолдау берілуде. Жаңа бизнес идеяларды қолдау мақсатында бірінші лек бойынша 161 адамның өтініші қаралып, 82-сі қолдау тапты. Ал, екінші лек бойынша 193 адамның 84-і қолдауға ие болды. Кәсіп бастаған жандардың түрлі мәселесін шешуге бағытталған бағдарламаға жүгінген ауыл кәсіпкерлері мен шаруақожалықтар иелерінің қарасы көбейді. Бастысы, кәсібін жандандыруға мүмкіндік алды, – деді.
Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 16 тұрғын өз кәсібіне несие алды. Олар тігін­шілік, шаштараз, монша және т.б шаруамен айналысуда. Қыз жасауын жасайтын шебер Биба­тима Достаева несиеге қалай қол жеткізгенін айтты.
– Өзім жастайымнан тігіншілікпен айналысқандықтан, үй жағдайында құрақ көрпеше тігіп, ағайын-туыс арасында таныла бастадым. Кейін осы кәсіпті кеңейтіп, цех ашуды жоспарладым. Осылайша, мемлекеттік бағдарлама арқылы көмек алып, 4 миллион теңгеге несие рәсімдеуге мүмкіндік туды, – дейді ол.
Шебер бұл қаржыға цехқа қажетті құралдар сатып алған. Қасына бір адам алып, жұмысына орай жалақы беруде. Кәсіпкер цехтың табысы несиені жабуға қауқарлы екенін жасырмады.
«Егінжай» айдарымен 12 егін­ші ауылшарушылығы өнімдерін өсіруде. Қаржы көлемі 1- 4 млн. теңгені құрайды. Оның көбісі Жайылма ауылының тұрғындары екен. Қауын-қарбыз, кортоп-пияз өсіріп, халықты қамтамасыз етуде.
Соның бірі – Рыскелді Кекілбаев: «Біздің ауылдан шыққан өнім халықаралық саудаға шығып жатқандықтан, сұранысқа сай сапалы өнімдер өсіруіміз қажет. Біз осыны мақсат еттік. Біздің шаруамызға қолдау білдіріп, ісімізді өрге көтеріп жүрген облыс басшысына дән ризамын», – дейді шаруа иесі.
Сондай-ақ, бағдарламада мал басын көбетуге ерекше көңіл бөлініпті. Биыл 28 шаруаға 2 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінген. Ең көп қаржы иеленген Марат Мамуов көлік тасымалымен айналысады. Қолдау көрген кәсіпкер: « Әр істің бір қайыры бар екен. Көптен бері ескі көліктермен ұзақ жолға шыққанда жол азабын көретін едім. Міне, осы қиындықтан құтылып, жаңа көлік сатып алдым. Жаңа көлікпен ұзақ жолдарға шығып, уақыт үнемдеп, бизнесімді бір жолға қоя бастадым. Осындай қолдау көрсеткен басшыларға алғысым шексіз», – деді.

ТҮЙІН. «Қаракет түбі – бере­кет». Отбасының қамы үшін қамдан­ған жанға мемлекет те қолдауын аяп қалмайды екен. Аядай ғана ауласында кәсіп бастағандардың бүйірі томпайып, кәсібі кеңеюде. Қолдау көрген 184 жерлесіміздің куанышын сүйіншілеуді жөн көрдік.

Мақпал МАРҚАБАЙ
12 қараша 2024 ж. 103 0