№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕС СИЫРДАН БАСТАЛҒАН БИЗНЕС

БЕС СИЫРДАН БАСТАЛҒАН БИЗНЕС


Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Осы тұста, Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл өз кезегінде ынталы кәсіпкерлердің аяққа нық тұруы үшін үлкен мүмкіндік. Тек әрбір тұрғын кәсіптің тетігін тауып, ерінбей еңбек етуге әрекет жасаса болғаны. Міне, осындай өзін-өзі жұмыспен қамтыған жанның бірі – Нұрлан Ушатов.

Ол – өткен жылы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІ-бағыты бойынша 3000,0 млн. теңге несие алды. Бүгінде кәсібін дөңгелеткен Нұрлан Серікұлы қолына тиген қаржыға асылтұқымды ірі қара алып, мал басын көбейтумен айналысуда.
– Қазіргі таңда кәсіп жасаймын деген ынталы адамға жұмыс табылады. Өзімде атакәсіпті арқау етіп, мемлекет қамқорлығын сезінбек ниетте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қомақты несиеге қол жеткіздім. Әуелі «Әулиекөл» асылтұқымды бұқа сатып алып, мал басын көбейту бағытында еңбек етудемін. Әрине, алғашқы 2-3 жылда пайда болмайды. Осы аралықта еңбектеніп, маңдай терді төксең ғана, шаруашылығың өрге домалайды. Оған қоса, бұған дейін өзімнің де бес-алты сиыр болған, – дейді Нұрлан Ушатов.
Осылайша, мал асылдандыру бағытында жұмыс жасап жатқан шаруа тоқсанына 200 мың теңге төлеп, несиесін жабуда. Бес жылға берілген жеңілдетілген несиеден құтылса, баққан малы өзіне қалады. Бағдарламаның негізгі мақсаты да – жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамту. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін сезінген Нұрлан Серікұлы алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді де жоспарлап отыр. Мал басын көбейту арқылы ет және сүт өнімдерін молайтуды мерейлі мақсат санайды. Бір сөзбен айтқанда, Нұрланның шаруаның ебін таба білетін іскер азамат екенін байқадық.
Иә, өзін-өзі жұмыспен қамтуға қолдау көрсетіп отырған мемлекеттік бағдарлама атакәсіпті арқау етемін деушілерге таптырмас мүмкіндік. Нәтижелі жұмыстың жемісін көріп отырған Нұрлан Ушатовтың отбасылық кәсібінің өрісі әлі де кеңейіп, өркен жайып, ірі қожалыққа айналары сөзсіз. Бұл үшін тек, маңдай терді төгіп, адал еңбек ету керектігін жаңақорғандық шаруа естен шығарған емес. Керісінше, «мал баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырып, қарекетін жасауда.

Әбдісамат ӘБДІШ.
19 ақпан 2019 ж. 1 140 0