№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлер бағдарлама игілігін сезінді

Кәсіпкерлер бағдарлама игілігін сезінді

Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы – жұмыссыздықты қысқартуға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама. Осы бағдарлама аясында аудандағы кәсіпкерлер қолдауға ие болып, қаржы алуда. Мәселен, 2018 жылдың 6 айында бағдарлама игілігін 100 кәсіпкер көріп, әрқайсысы 1-6 млн. теңге көлемінде несие алды.
Олар өзі ұсынған бизнес жоспарына сай 105 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл бағдарлама бір жағынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталса, екінші жағынан жұмыссыз жандардың санын азайтып, еңбекпен қамтылуға мүмкіндік ашты. Қомақты қолдау көрген кәсіпкерлер жайында білмекке аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтардың хал актілерін тіркеу орталығының маманы Руслан Мұсаевқа хабарластық.
– Биыл кәсіпкерлерге айрықша қолдау берілуде. Біздің ауданнан 100 кәсіпкерге қаржылай көмек ұсынудың өзі біршама қиындықты еңсеруге жол ашуда. Кәсіп бастаған жандардың түрлі мәселесін шешуге бағытталған бағдарламаға жүгінген ауыл кәсіпкерлері мен шаруақожалықтар иелерінің қарасы көбейді. Бастысы, кәсібін жандандыруға мүмкіндік алды, – деді.
Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 16 тұрғын өз кәсібіне несие алды. Олар тігіншілік, шаштараз, монша және т.б шаруамен айналысуда.
Қыз жасауын жасайтын шебер Бибатима Достаева несиеге қалай қол жеткізгенін айтты.
– Өзім жастайымнан тігіншілікпен айналысқандықтан, үй жағдайында құрақ көрпеше тігіп, ағайын-туыс арасында таныла бастадым. Кейін осы кәсіпті кеңейтіп, цех ашуды жоспарладым. Осылайша, мемлекеттік бағдарлама арқылы көмек алып, 4 млн. теңгеге несие рәсімдеуге мүмкіндік туды, – дейді ол.
Шебер бұл қаржыға цехқа қажеті құралдар сатып алған. Қасына бір адам алып, жұмысына орай жалақы беруде. Кәсіпкер цехтың табысы несиені жабуға қауқарлы екенін жасырмады.
«Егін жай» айдарымен 12 егінші ауылшарушылығы өнімдерін өсіруде. Қаржы көлемі 1- 4 млн. теңгені құрайды. Оның көбісі Жайылма ауылының тұрғындары екен. Қауын-қарбыз, кортоп-пияз өсіріп, халықты қамтамасыз етуде. Соның бірі – Рыскелді Кекілбаев: «Біздің ауылдан шыққан өнім халықаралық саудаға шығып жатқандықтан, сұранысқа сай сапалы өнімдер өсіруіміз қажет. Біз осыны мақсат еттік. Біздің шаруамызға қолдау білдіріп, ісімізді өрге көтеріп жүрген облыс басшысына дән ризамын», – дейді.
Сондай-ақ, бағдарламада мал басын көбейтуге ерекше көңіл бөлініпті.28 шаруаға 2 млн. теңгеден 6 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінген. Ең көп қаржы  иеленген Марат Мамуов көлік тасымалымен айналысады. Қолдау көрген кәсіпкер: « Әр істің бір қайыры бар екен. Көптен бері ескі көліктермен ұзақ жолға шыққанда жол азабын көретін едім. Міне, осы қиындықтан құтылып, жаңа көлік сатып алдым. Жаңа көлікпен ұзақ жолдарға шығып, уақыт үнемдеп, бизнесімді бір жолға түсіре бастадым. Осындай қолдау көрсеткен басшыларға алғысым шексіз!», деді.
ТҮЙІН. «Қаракет түбі – берекет». Отбасының қамы үшін қамданған жанға мемлекет те қолдауын аяп қалмайды екен. Аядай ғана ауласында кәсіп бастағандардың бүйірі қомпайып, кәсібі кеңеюде. Қолдау көрген 100 жерлесіміздің куанышын сүйіншілеуді жөн көрдік.
28 шілде 2018 ж. 841 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 15:21
Antinfiammatorio Levitra cialis for sale buy cheap accutane online Zestoretic No Rx

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 09:15
Acquistare Viagra Cialis levitra 20mg Sildenafil 100 Mg Cialis Viagra Bayer Rogaine Con Propecia