№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІП АШСАМ ДЕП ЕДІМ...

КӘСІП АШСАМ ДЕП ЕДІМ...


Өз кәсібің жайлы армандап қана қоймай, оны қалай жүзеге асыруға болады? Алғашқы қадам қалай жасалады? Мемлекет тарапынан оқытылатын бизнес-курстар ақылы ма? Бұл сауалдың жауабын бізге аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Марлен Нұртазаев айтып берді.
– Кәсіпкер боламын деген ынталы азаматтарға қандай бизнес-курстарға баруға кеңес бересіз?
– Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген ынталы азаматтарға барлық қолдау шаралары қарастырылған. Ең әуелі оқыту курстарынан өтуі керек. Өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Бизнес кеңесші» атты екі күндік қысқа мерзімді оқу курсы бар. Бұл курстың мақсаты – кәсіпкерлікпен айналысуға келген азамат кәсіпкерлік қызметтің не екенін, қалай алдыға қарай жылжу керек, қандай кәсіп ашқан дұрыс, жалпы кәсіпкерліктің әліппесін үйретеді. Яғни, бизнес-тренерлер бастапқы негізгі ұғымдарды таныстырады. Бұл курсқа кез келген адам қатыса алады. Айта кету керек, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға барлық мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптың бірі – кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы туралы сертификат керек. Өткен жылы бұл курсты аудан бойынша 136 адам оқыды.
Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту шеңберінде «Бизнес-бастау» бір айлық курсы бар. Бұл бизнес-курсты оқыған азаматтар бизнес жобаларын әзірлеп, оны қорғап, несие алуға мүмкіндігі бар. Өткен жылы бұл жоба аясында 195 адам оқып, оның 123-і өз жобаларын қорғап шықса, 123-і несиеге қол жеткізді.
Оған қоса, «Бизнес-өсу» оқу курсы 5 күндік мерзімді қамтиды. Бірақ мұны ұйымдастырмас бұрын шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субьектілерінен алдын ала сауалнама жүргіземіз. Ондағы мақсат – біліктілігін арттыруға қажетті тақырыптар мен бағытын анықтап алу. Бизнесті ары қарай қалай дамыту керек, қаржылық сауаттылық, маркетингтің қыр-сырын үйретеміз. Айта кету керек, бұл оқыту курстарының барлығы да ақысыз. Кез келген кәсіп ашуға ынталы азаматтар қатысып, кәсіпкерліктің алғашқы әліппесін үйренуге мол мүмкіндігі бар.
– Сондай-ақ кәсібін ашып, енді ары қарай кәсіпкерлік нысанның құжаттарын рәсімдеу не қандай да мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыны қалай алу керектігі жөнінде қандай көмек бересіздер?
– 2016 жылдан бастап аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығынан «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ашылған болатын. Яғни, орталықта бизнес ашуға ниетті әрбір адам мамандардың тегін кеңесі мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау қаржыға қалай қол жеткізуге болатындығы жөнінде ақпарат алады. Және де кәсіпкерлерге «бір терезе қағидатымен» рұқсат құжаттарын алуға кеңес беріп, көмек көрсетеді. Міне, мұндай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өткен жылы біздің «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалынан да ашылды. Арнайы маман бар.
– Құжаттарды рәсімдеу тұрғысынан кәсіпкерге нақты қандай көмек көрсетіледі?
– Орталықтың ашылғандағы негізгі мақсаты – аудан орталығы мен қоса, шалғай ауылдардағы кәсіпкерлердің бір орталыққа барып, өзінің бизнесіне қатысты барлық мәселелер бойынша көмек алуына жағдай жасау. Яғни, «бір терезе» қағидаты аясында бизнесті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік құралдармен қамтамасыз ету және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетеміз. Атап өтер болсақ; Инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттар алып беру (су, кәріз, газ, электр, жылу, байланыс т.б.), архитектура және құрылыс салалары бойынша; (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, мекенжай анықтамасы, объектінің техникалық төлқұжаты), Жер мәселелері бойынша рұқсат құжаттарын алуға кеңес беру және көмек көрсету. Мұның барлығы ақысыз түрде. Кәсіпкерден сенімхат алып, сол бойынша қажетті құжаттарын біздің мамандар дайындап береді. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау деп білемін. Әрі кәсіпкерлікпен енді айналыса бастаған адам үшін не өзінің қарбалас кәсібінен құжаттарын дайындауға уақыт таба алмай жүрген кәсіпкерлерге қомақты қолдау.
– Кәсіп бастау үшін қаражат керек. Ал, қажетті қаржыны қандай мемлекеттік бағдарлама не қаржылық ұйымдар арқылы алуға болады ма?
– Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға айрықша мән беріліп отыр. Оның ішінде, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын айтуға болады. Сондай-ақ «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы, және де екінші деңгейді банктер арқылы несиеге қол жеткізуге болады. Мәселен, 2017 жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 202,2 млн. теңгенің 79 жобасы несие алды.
Ал, Қызылорда «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұсынысымен 238,7 млн теңгенің 52 жобасы несие алды.
Сондай-ақ «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ның 6 пайыздық «ІСКЕР» бағдарламасы бойынша аудандағы «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43,0 млн теңгенің 6 жобасы қаржы алды.
– Рахмет.
17 ақпан 2018 ж. 2 216 0