№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Орынбай БИДАШЕВКЕ – 95 жыл: БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫСЫ

Орынбай БИДАШЕВКЕ – 95 жыл: БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫСЫ


Кешегі күні шопанның құтты таяғын қолына ұстап, еңбек еткендер «Екінші тың ерлері» деп дәріптелді. Қазақстанда мал басым 50 млн-ға жеткізу жолында шаруашылықтарда жоспарлы жұмыс алға өрледі.
Аудандағы ірі мал шаруашылығы санатында «Төменарық» совхозының үш фермасында төрт түліктің ішінде қой басын өсіруге басымдық берілді.
Қаратаудың етегінде мыңғырған мал өргізген дала еңбеккерлерінің арасында Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр шопан Орынбай Бидашев ағамыз егер тірі болғанда биыл 95-ке толар еді.
Орынбай Бидашев 1923 жылы Жаңақорған ауданы, Төменарық селосында дүниеге келген. Ол жастай еңбекке араласты. Он жеті жасынан қой бақты. 1940 жылдан 1983 жылға дейін 43 жыл Төменарық совхозында шопан болды.
Орынбай ағаның атакәсіп жолы өміріне бақ әкелді. Шопанның ақ таяғын қастерлеп ұстап, адал еңбекті пір тұтқан өз кәсібінің білгірі Орынбай аға жыл сайын отардан көп төл өргізді.
1972 жылы қыстың соншама қатты болуына қарамастан Бесжылдықтың алғашқы жылында мал басын түгел аман сақтап 106-дан қозы өргізді.
Тоғызыншы белестің шешуші жылында атақты шопан ауданның барлық шопандарына үндеу тастап, мал шарашылығын, оның ішінде табысты түлік қой басын арттыруға шақырды. Озат шопанның бұл шақыруына түркістандық атақты шопан Сүйіндік Молдалиев, қызылжұлдыздық Әлібай Нәлібаев, бірліктік Өскенбай Әбілев сынды майталмандар үн қосатынын білдірді.
1975 жылы Төменарық совхозы облыс малшылары алдыңғы сапынан танылды. Сонда осы Орныбай Бидашев еңбек ететін ферма коллективі әр жүзіне шаққанда 135,7-ден төл алып, міндеттемелерін артығымен орындаған болатын.
Ал Орынбай ағаның өзі сол жылдары әр жүз аналықтан 228-ден қозы алып, 400 қозыны өсімге қалдырды. Осы еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 10 наурыз 1976 жылғы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Қоғам игілігі жолындағы оның жанқиярлық адал еңбегі сол кездері көптеген әріптестеріне үлгі-өнеге болды. Өз ауылдастарына ғана емес, аудан жұртшылығы, облыс еңбеккерлері арасында үздік тәжірибесі мен озық әдістері кеңінен насихатталды. Осы еңбектерінің нәтижесінде ол «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы шебері» деген құрметті атаққа ие болды. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды «Социалистік жарыс­тың жеңімпазы», «Облыстың үз­дік шопаны», «Өз кәсібінің үзді­гі», «Бесжылдықтың екпіндісі» төсбел­гілерімен марапатталды. 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденін, омырауына қадады. 1984 жылдан бастады Төменарық ауылдың Кеңесі депутаты, одан кейінгі жылдары аудандық, облыстық Кеңестің депутаты ретінде халық аманатының орындалуына атсалысты.
Орынбай аға Бидашев отбасында жары Батыр ана Зейнераб екеуі 10 ұл-қызды өсіріп тәрбиеледі. Ұл-қызддарының ішінде жоғары білім алып, биік деңгейде танылып жүргендер де, өздері игерген қарапайым кәсіптен бағы жанып, барақатты ғұмыр кешіп жатқан әке ұрпақтары ата-ана аманатын адалдықпен жалғастырып келеді.
Өмір бойы халқы үшін қызмет еткен, қоғам байлығы мен игілігін өз басы мүрдесінен жоғары қоя білген үлкен жүректі азамат өмірінің соңғы күндеріне дейін айналасына жан шуағын шашып, парасатты биік болмысымен ел ағасы санатында халық құрметіне бөлене білді.
Орынбай аға зейнетке шығып, құтты таяғын ізбасарларына табыстады. Бірақ өмірінің соңына дейін шопандықты мұрат тұтқан аға-іні бауырларынан ақыл-кеңесін аямады.
Бүкіл ғұмырында атакәсіпті айналдырып, қиындығына төзіп, бар тауқыметті қажыр-қайратымен жеңген тау ұлы Қызылқұмды комплексті игеру мәселесін көзі жұмылғанша айтып кетті.
Еңбек адамының соңында әке аманатына адал ұрпақтар қалыпты. Кеше, әкелерінің 95 жылдық торқалы тойында ел-жұрттың басын қосып, ас берген перзенттері атаулы күнге мемлекеттік мәртебе дарытуды мақсат тұтып, Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» Жолдауы аясында «Ақ бата – аталар мұрасы» тақырыбында батагөй қариялар облыстық байқауын ұйымдастыруға мұрындық болды. Аралдан Жаңақорғанға дейінгі аймақтың жасы 60-тан 90-ға дейінгі қариялары осы жолы бата-тілектерін төгілдіріп, халқымыздың қымбат қазынасымен бір сусындатты. Көрермендер арасында қаншама жасы ұлғайған үлкендерімізге салмақты ой арқалатқан айтулы шарадан түйгеніміз, жақсының өзі өмірден өткенімен рухының сәулесі осылайша себептен себеп тауып, жақсы істерге жалғаса береді екен.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
16 қазан 2018 ж. 1 571 0