№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өндірісі қуатты ел өркендейді

Өндірісі қуатты ел өркендейді

Бұдан жарты ғасыр бұрын Қаратаудың етегінде мырыш пен қорғасынның кең көлемді қоры бар екеніне көз жеткізген кеңес үкіметі кен өндірісін игеруге дендеп бет бұрғаны белгілі. Одақтық деңгейде  әлеуеті бай өндірісті өркендету үшін ең бірінші жұмысшының жағдайы бірінші орынға қойылды. Шалқия кен аумағында типтік үлгідегі жаңа үйлер салынып, мектеп, балабақшалар бой түзеді. Сексенінші жылдардың өзінде жаңадан бой түзеген кеншілер қалашығы сәулеттік архитектурасы және тұрмыстық жаңашылдығы жөнінен аудан орталығы Жаңақорған кентінен әлдеқайда озық үлгіде қалыптасып үлгергенін сол кез адамдары жақсы біледі.  Шахтерлердің жалақысы  мұғалім, дәрігерлерден екі-үш есе артық белгіленуі өндірістің  ел экономикасында табысты сала ретінде бағалануынан болса керек.
Еліміз егемендігін алуымен бірге қоғамдық қатынастардың жаңа жүйеге көшіп, бір ор¬талықтан басқарылған кәсіпорындардың бес¬жылдық жобаларды орындауда жаңаша тетік қалыптастырып үлгеруге қабілетсіздігі кеніш тірлігін тұралатқаны рас. Кеншілер жұмыссыз қалып, кәсіп іздеп жан-жаққа көшті. Шалқия кентінде көп қабатты үйлер иесіз қалып, бұл өңірдің жүрегіндей болған кеніш өндірісінің шын қадірін айқындап берді.
Міне, сондықтан ел үкіметінің Шалқия кен орнын толық қуатында іске қосуда шетелдік әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынасқа ден қоюын құптауға болады.
Нақ қазіргі күндері Шалқияның екінші тынысы ашылды. Ондағы бүгінгі күні жүргізіліп жатқан жобалар, мақсатты бағдарламалар жайлы жан-жақты көзбен көрмекке Шалқия кенішін бетке алдық. Бұған дейін де кеніш жұмысын жолға қоюда шет ел компанияларымен ымыраға ке¬ліп, тәуекелді талапқа бет бұрған тараптардың  жоғары ведомствоның жобаларын жүзеге асырып үлгермей банкрот болған жағдайларына ел куә. 
Ал бүгінгі жағдайы қалай?  Өндіріс орны жұмысын толық қуатында іске қосу тетіктері талаптағыдай ма? Кен орны келешегіне кепілдік беруге бола ма? Бұл жөнінде Шалқия Цинк ЛТД АҚ бас директоры Бейсембаев Өр¬кен Рахметуллаұлымен кездесіп, ақпараттармен жан-жақты таныс болдық. Ұққанымыз, кеніш қоры жөнінен әлемде бесінші орында тұрмыз. Халықаралық сұранысқа ие құндылықты ын¬тымақтаса игеруге ынталы мүдделер тоғысы таяу уақытта өндірістің қалыпты ырғағын толық қуатында іске қосуға қол байласып отыр екен. Бұл жөнінде ғалым-менеджердің сұхбаты сенімімізді нығайтты.
– Шалқия қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 4 млн тоннаға дейін кен өндірілетін болады, – дейді сұхбаттасымыз. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкісі арқылы қаржыландырылады. Құрылыс толық жобалық қуатында іске кіріскенде 1700 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар подстанция көлемі үлкейтіледі, басқа да қажетті инфраструктура¬лар кезегімен іске қосылады. Қазірде кен байы¬ту фабрикасының қондырғыларын Америка¬ның үлкен компания жобасымен сәйкестендіріп, алдын ала қаржысы да аударыла бастады. Қазір осыған жан-жақты дайындық үстіндеміз. Кен өндіруге дайындық жұмыстарын мердігер атқаруда. Бұл Қытай компаниясы халықаралық деңгейде танымал, бұған дейін дүние жүзінде бірнеше өндірісті аяққа нық қойған. Қарауында 299 адам бар, басым көпшілігі жергілікті жердің өкілдері. Өйткені талап та солай. Ертең комбинат құрылысына, ол іске қосылған соң да алдымен маңайдағы Құттықожа ауылы және Шалқия мен Жаңақорған кентінен тұрақты жұмыс қолы тартылатын болады. Сол адамдарды қарамағымызға алып, тау-кен жұмыстарын өзіміз жүргіземіз. Қазір қарауымызда 270-тей қызметкер бар. Олардың ішінде Мәскеуде, Қарағандыда білім алған, Шымкент пен Қорқыт ата университетін, басқа да жоғары оқу орындарын бітірген жергілікті жастар бар екені қуантады. Үнемі жобаларды бірге талқылап, өндіріс көлемін толық меңгеруіне тәлімгерлік дәрісімізді жұмсап келеміз, – дейді ол.
– Өңіріміздегі кен өндірістері айналасындағы әңгі¬меге құлақ түрсек, басшылыққа жергілік¬ті кадрларды жаратпайды, сырттың адамын тағайындауға бейім тұрады деген өкпе-реніш алдымыздан шығады. Бұл жөнінде не дейсіз?
– Осындай ахуалдың бары рас, оны оңдау үшін жергілікті кадрлар намысқа тырысып, өндіріс технологиясына барынша мамандануы керек. Ол өз алдына, халықаралық бәсекеге сай имиджді қалыптастыруда көп тілді меңгеру деген мәселе тағы бар. Қызметтің қабатында оқу, іздену, тіл үйрену өте қажет міндет. Қарауымдағы азаматтарға осылай кеңес беріп отырамын. Ел мен жер осы азаматтардың қолында. Біз белгілі уақытта жобаны іске асырамыз, мақсатымызды орындаймыз, әрі қарай атамекен меншігінің маңдайын жандырып, иелік ететін солар болу керек. Сондықтан бір күнді қалт жібермей үйренсе, меңгерсе, жан-жақты маман болып шықса деген тілектестіктен басқа ниет жоқ бізде.
Болашағы кемел кеніш орнын мамандармен қамту мәселесін бүгіннен қолға алмасқа болмайды. Осы бағытта Жаңақорғандағы техникалық колледжбен Қорқыт ата университетімен, ХҚТУ-мен, Алматы  және Қарағанды қаласындағы политехникалық жоғары оқу орындарымен меморандумға отырып, тау-кен саласы бойынша факультетте мамандар даяурлауға бекініп отырмыз, – деді.
Қазірде шетелдік мердігер қарауына берілген кеніш аймағында ұңғыманы қазуда қауіпсіздік ережелері қатаң бақыланып, апта сайын аппарат жиналысында жоба барысы сараланып отыратынын айтты.
Кеніш жұмысы алға басуы үшін шешімді өз уақытында қабылдайтын инвестор керек, сонда жұмыс қарқыны еселеп артады.
Кен байыту комбинаты іске қосылғанда Шалқия кеніші қуаттылығы бойынша жылына 4 млн тонна мырыш пен қорғасын өндіретін болады, бұндай көрсеткішпен кен орны Қазақстан бойынша гигант мекеме қатарына кіреді. Ал қазбаның қоры жөнінен әлемде 5-орындамыз. Аталған кен орнын игеру мырыш нарығында ірі компаниялардың бірі болуға және үлкен көлемде қорғасын өндіруге мүмкіндік береді. Жүйе бойынша нақты рудадан алатын 104 млн тонна қор бары кеніштің кемел келешегінен хабар беріп тұрғанын айтты өндіріс басшысы.
– Кен орнының келешек жобаларына тоқталсаңыз.
– Өндіріс орны басшылығы бәсекеге қабілетті болуы үшін ең бірінші мамандардың жалақысын көтеруге мүдделі, әйтпесе жақсы кадрлар орталыққа кетіп қалады. Айлықты көтерумен қатар жұмыскерлердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы өркениетке сай болуы керек.
Елдің ең бірінші байлығы – қорғасын мен мырыш, оны өңдей отырып, түскен табыс алдымен кеніштің модернизациясына салынады, содан соң жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына бөлінеді. Атап айтқанда, мектеп, мәдениет үйлері, балабақшалар салынады. Жергілікті жердің денсаулық саласына демеушілік жасалады.
– Ал өзіңіз Шалқияны қандай дәрежеде елестете аласыз?
– Қаратау қойнауында қайнаған тірліктің басы-қасында болуға тәуекел етіп келген күннен бастапжергілікті халықтың өмірімен, тыныс-тіршілігі, әлеу¬етімен жете танысуға тырыстым. Менің ойымша, кісі қай жерде жүрсе де ауасын жұтып, суын ішкен ортаның адамдарын құрметтей білуі керек. Ауданның саяси және мәдени өміріне тығыз араласып,  қажет жерінде демеушілік көмегімізді көрсетіп келеміз. Қашан да болсын жергілікті халықтың қас-қабағының жадыраңқы, жағдайының жақсы болуына біз де мүдделіміз.
«Жаңақорған – жер жәннаты» деп кентке кіребе¬ріс маңдайшасына жазып қойылған қанатты сөздің жүрегімізді ерекше жылы сезімге бөлейтінін жасыра алмаймын. Қажырлы күш-жігерімді халық игілігіне арнаған жастық күндерімнің көп бөлігіне куә кенді өңірдің келешегі кемел екеніне сенемін. Жаңақорған ауданы¬ның соңғы екі-үш жылда мүлдем жаңарып, жақсы жобалардың қанат жаюынан ынтымақ пен бірліктің жемісін көргендей болып отырмыз. Жаңақорғандықтар осындай елдігінен ажырамаса екен деймін.
– Әңгімеңізге рахмет.

Баян ҮСЕЙІНОВА
11 маусым 2024 ж. 210 0