№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «САЯЖАЙ»: СӘУЛЕТТІ ҚОНЫСҚА АЙНАЛАДЫ

«САЯЖАЙ»: СӘУЛЕТТІ ҚОНЫСҚА АЙНАЛАДЫ

    Бүгінде заман талабына сай заманауи үлгіде салынған құрылыс кешендері ауданның айбынын арттырып, сымбатына сән қосуда. Өңірдің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс саласының қуаты қарқынды. Бұл саланың дамуы елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік әлеуетінің артуына тікелей байланысты. Содан болса керек-ті, аудан басшысы Ғалым Әміреевтің бастамасымен кенттегі «Саяжай» аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, толық аяқталған болатын. Өткен сенбіде «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ мен «Стройсервис» СК» ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Сән салтанаты келіскен, сәулеті мен дәулеті артқан құтты мекеннің қоныс тойына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келді.
– Елбасы бес әлеуметтік бастаманың алғашқы қа­дамын қолжетімді баспанадан бастағаны әлеу­меттің әлеуетін көтеруге бағытталған бірегей бағдарлама деп білеміз. Бұл бағытта Сыр елінде де қарқынды жұмыс бар. Алаштың анасы атанған – Сыр өңірі бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналды. Облыс орталығының сол жақ жағалауында шығыстық стильдегі жаңа шаһардың қазығы қағылып, құрылыс қарқын алды. Келешекте 15 мөлтекауданнан тұратын жаңа қала бой көтереді. Осы тұста, Президент пәрменінен кейін, біз «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасын» әзірлеп, облыстық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық. Оны іске асыруға 3,5 млрд. теңге қарастырылды. Осылайша, «Орда» бағдарламасы Елбасы бастамасының жүзеге асуы­ның нақты көрінісі», – деді өңір басшысы.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Шалқия кенішіндегі кен байыту фабрикасының құрылыс жұмыстары басталғанын айта келе, онда түрлі сервистік қызмет көрсететін компаниялар саны артатынын сөз етті. Бұл өз кезегінде тұрғын үйге деген сұранысты арттыратыны белгілі.
– Аймақтағы ауқымды өндірістік-инновациялық жобаның бірі – қорғасын, мырыш өндіретін Шалқия кенішін қайта жаңғырту жұмысы жандана түсті. Ол «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кешенін дамытудың жол картасына» енген үш ірі жобаның бірегейі. Міне, осындай әлеуетті жоба аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржылай қолдауымен кен байыту фабрикасының қазығы қағылды. Келешекте «Шалқия» тау-кен байыту комбинаты жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентранттарын өндіретін болады. Өнімнің өңір экономикасына тигізер пайдасы зор.
Осы тұста, бүгінгі заманауи үлгіде салынған көпқабатты тұрғын үйге қоныстанып жатқан кеніш қызметкерлеріне қоныс жайлы болсын! Үйдің іші қашанда шаттыққа толсын, – деген облыс әкімі салтанатты түрде пәтер иелеріне кілт табыстады. Алғаш болып, баспаналы болған бес қызметкердің қатарында: «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жетекші маманы Руслан Әбдірейімұлы, әкімшілік-шаруашылық бөлі­мінің басшысы Қайрат Мансұров, персоналмен жұмыс бөлімінің кадрлік құжаттама жөніндегі маманы Ержан Мұратбекұлы, әкімшілік шаруашылық бөлімінің коменданты Байтөре Сей­сен­бекұлы, және құрылыс және күрделі жөн­деу басқармасы басшысының орынбасары Сергей Сергеевич бар.
Аудан тұрғындары атынан құттықтау сөзін алған еңбек ардагері Серік Мұсабай: «Бірінші кезекте, жаңа пәтерге қол жеткізіп отырған отбасыларға жаңа қоныс құтты болсын дегіміз келеді.
Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сіз Елбасының тапсырмасын Сыр елінде іске асыруда әсіресе, қызылордалықтардың заманауи үлгідегі тұрғын үймен қамтамасыз етіп, құрылысты қарқынды жүргізіп, ел игілігіне пайдалануға беріп жатқа­ныңыздың куәсіміз.
Осы тұрғын үйге қоныстанып жатқан жастарға айтарым, «Бірің қорған, бірің жылу» болып, қонақ үзілмейтін құтты шаңыраққа айналсын, – деп ақ батасын берді.
Мұнан кейін жаңа тұрғын үйдің лентасын қиған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен аудан әкімі Ғалым Әміреев баспананың ішкі мүмкіндігімен танысып шықты.
Айта кету керек, жаңа қонысқа көшкен «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ қызметкерлерінің барлығы да жастар. Олар – Шалқия, Құттықожа ауылының тұрғындары. Пәтерге ие болған Қайрат Мансұров Басқарма басшылығы мен жергілікті әкімдікке ризашылығын білдірді. Иә, алдағы уақытта мұнда тұрғындар саны артып, «Саяжай» мөлтекауданы жастар қалашығына айналары айқын.

Әбдісамат ӘБДІШ.
20 қараша 2018 ж. 1 144 0