№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бала тәрбиесі – ортақ міндет

Бала тәрбиесі – ортақ міндет


Біз өмір сүріп отырған уақыт – өзгермелі әлем. Өзгермелі әлем жаңалыққа толы. Әлем қанша өзгерсе де, мәні мен қажеттілігін жоймайтын бір құндылық ол – білім сапасы. Тәрбие тал бесіктен басталады. Өткен тарихымызға үңілетін болсақ дана халқымыз әуелден ақ–бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың, қоғамның борышы санаған.


Өйткені, бала – болашақ иесі. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу елдік мәселе. Баланың жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Сондықтан баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп қабырғасында бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу маңызды. Өйткені, тәрбие жоқ жерде білім де жоқ.
Баланың адам болып қалыптасуы зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауап-кершілігі мол жұмыс. Осы ретте ата-анамен бірлескен іс-шаралардың тиімді тәсілдерін пайдалануды жандандырып, дамытуымыз қажет. Бұл бағытта ауданда біршама жұмыстар жүзеге асырылуда. Барлық білім беру ұйымдарында жүргізілетін «Дебат қозғалысы», «Мектеп парламенті», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры» жобалары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Креативті жобалардың есебінен ынталы оқушылардың саны артып, қазіргі уақытта құрамындағы балалар саны үш мыңнан асты. Мектептерде от-басылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында «Әкелер мектебі», «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен отбасын нығайту, шаңырақтың берекесін арттыратын әдет-ғұ-рыптар жайында көптеген шаралар өткізілуде. Сондай-ақ балалардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім беру жүйесінің атқарар рөлі зор.
Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба, салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу алдымызда тұрған үлкен міндет.

Гауһар Әбдіраманова,
№110 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
11 тамыз 2024 ж. 353 0