Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Тәрбие – тәлімнен


"Баланы бұзуға, түзеуге себеп 
болатын  бір шарт-жас күнде көрген өнеге". Жүсіпбек Аймауытов.


Төл тарихымызға үңілетін болсақ дана халқымыз әуелден ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың, қоғамның борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі.  Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу –елдік мәселе.
Бала тәрбиесі жөнінде Абай атамыз: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады:ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады,»-деп осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Жан – жақты дамыған азаматты тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты мақсаты.
Бүгінгі таңда біз мүлдем жаңа қоғам құруды мақсат еткендіктен, тәрбиенің  де негізгі міндеттері өзгеріп , өмір талабы тәрбиені жаңа сапаға көтеруді қажет етіп отыр және де ұлттық тәрбиені, озық өнегені дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыру, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Жаһандану процесімен  ілесіп келген көгілдір экранды жаулап алған анайы фильмдер, әртүрлі басылым беттеріндегі әдепсіздік, шетелдің арзанқол музыкасы, біздің табиғатымызға жат толып жатқан діни бірлестіктер жастардың санасын, ал есірткі мен ішімдік тәні мен жанын улап жатқан жағдайлардың барлығы тәрбие мәселесін бірінші кезекке шығарады, басым бағытқа айналдыруға мәжбүр етеді.
Баланың жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Шығыстың ұлы ойшылы Әл –Фарабидің : «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»,-деген сөзі бар. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар,ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды ерекше сезініп, әсер алады. Оның жан – жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.
Міне, сондықтан да отбасы тәрбиесі – баланы тәрбиелеудегі тәрбиенің негізгі формасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өмірдегі ең қуанышты, қызық  дәурені  осы отбасында өтеді. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесінің ықпалды әрі нәтижелі болуы ата-аналардың мәдениетіне, тәрбиені ұйымдастыруы мен басқаруына байланысты. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты  талап етеді. Сондықтан халқымыз өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған, «баланы құрсақтан» деген даналық сөзі текке айтылмаса керек.
Отбасынан басталатын тәрбиенің мектепте жалғасуы айғақ. Ал мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудан бөлек, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, түрлі үйірмелер қызметі жүзеге асуда. Ұстаздардан мол білім алуға тырысатын оқушылар қауымы осы ұйымдар мен үйірмелердің арқасында мүлдем мектептен тыс дүниеге қол жеткізеді. Сол қосымша үйірмелер мен ұйымдардың мүшесі бола тұра, алдымен өзін тәрбиелеп, одан соң айналасындағыларға көмек беруге дағдыланады. Мақсаты айқын мектепшілік ұйымдар мен үйірмелердің негізгі принциптерін ұстанып, көрсетілген бағыттар бойынша өзіне қажетті деген арнаға бұрыла бастайды. Қоғамдық өмірдегі қызықтармен қақтығыса жүріп, жат қылықтардан бойын аулақ ұстайды. Оқушылар ұйымдарының ұстанымдарын өн бойына өрбіткен, сол мәдени ортаны игерген азамат – бүгінгі жас, ертеңгі ел тізгінінің иесі.
Бала жас шыбық сияқты, қалай майыстырып бағыттасақ, солай өсіп қалыптасады. Ендеше барлық жауапкершілік- үлкендерде. Бала отбасы мен мектепте жан-жақты тәрбие алады. Баланың ыстық – суығына сүйінбейтін, күйінбейтін ата-ана жоқ. Олар тәрбиеге жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесі келмитін соқпақ. Мектеп-тәрбиелі отбасының үлкейген үлгісі. Қазіргі жас буынның ертеңгі ел болашағын қалайтын саналы, білімді, ұшқыр ойлы, дені сау адамгершілік қасиеті жоғары болып қалыптасуы үшін, ең алдымен, тәрбие аса қажет. Бүгінгі ұрпақ – ертең кемел елдің келешегі.
Ж. Қыдыров атындағы  №54 жалпы
орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:  Есболат Қанат
28 желтоқсан 2020 ж. 926 0