№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқықтық тәрбие отбасынан басталады

Құқықтық тәрбие отбасынан басталады

№163 мектепте «Дарабоз шаңырақ» жетекшілері Гүлжанар Сыздықова мен  Гауһар Әмитованың ұйымдастыруымен «Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады» атты тақырыпта бала құқығын қорғау, отбасындағы тәрбие туралы ой бөлісіп,  пікір алмасты және психологтың көмегімен тренингтер өткізілді.
Шараға аудандық соттың судьясы Исағали Тұңғышбаев және әкімінің әйелдер  ісі  отбасылық  гендірлік  саясат  жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева арнайы қонақ ретінде қатысты.
Жиында тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетіліп, осы бейнероликтердегі оқиғалар жайлы пікірталаста талқыланып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті сөз болды. Бала құқығы тақырыбында мектептің педагог-психологы Гүлзада Файздраманова хабарлама жасап, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен «Әрқашан бірге, әрқашан көңіл-күйде» атты тренинг өткізді.  Ата-аналарға баланың үнемі көңіл-күйін бақылау, жағымды көңіл-күйді қалыптастыру, өзін-өзі жоғары бағалауы, отбасындағы ұрыс-керісті балаға көрсетпеу, баланың психикалық денсаулығы және балаға сүйіспеншілікпен, мейіріммен, түсіністікпен  қарау жайлы ата-аналармен ой бөлісті.
Құқықтық тәрбие – бұл балаға құқықтық білім беру. Яғни баланың отбасында өмір сүріп, білім алуға, денсаулығын сақтауға, демалуға құқығы бар екендігін ұғындыру. Ата-ананың баланы бойындағы мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеу, қоғамдағы рөлін  бойына сіңіру жайлы айтылды.  Іс-шара оқушылардың отбасы туралы көріністерімен жалғасын тапты.
Келген қонақтармен сұхбаттасу бөлімінде Исағали Тұңғышбаев отбасындағы құқықтық тәрбие мен баланың қоғамдағы рөлі, құқықтары мен бостандықтары жайлы баяндады, Әзия Қыстаубаева баланың көрегенді, саналы, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуі үйдегі тәрбиеден бастау алатынын және тәлімді тәрбие алмаған бала білімнің шыңына жете алмайтындығы, отбасындағы тәрбие мен мектептегі білім баланың болашағын бағдарлауда рухани күш болатынын айтып, жиынды қорытындылады.   
22 қыркүйек 2019 ж. 2 479 0