№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Рухани жаңғыру – ұрпақ тәрбиесінен өрістейді

Рухани жаңғыру – ұрпақ тәрбиесінен өрістейді


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу» бағдарын түзді. Президент пәрмені бойынша білім беру ұйымдары бала тәрбиесіне айрықша назар аудара бастады. Тапсырмаға сәйкес, Жүсіп Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің педогог-психологтары жылдық жоспарын құрып, ата-аналардың балаға деген жауапкершілігін арттыруға жұмыс жасауда мұндай жұмыстар талапкердің ҰБТ жоғары балл жинауына септігін тигізуде. Себебі, жетістікке жетудің бірінші құралы өз-өзіне деген сенімділікті арттыру керек.
«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды». Бұл – ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннен қалған тағылым. Шындығына келгенде, бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы – егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағы ортақ іс.
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланы бірге тәрбиелейді.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Елбасы Жолдауында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деп, ұрпақ тағдыры айтылады.
Психолог ретінде «егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді» деген ойымды жеткізгім келеді.
Түйіндей айтқанда, қазіргі ата-аналар Ислам дініндегі мәні терең, мазмұнды тәрбие негіздерімен танысып, жаны ізгі, көргенді ұрпақ тәрбиелеп жатса, бұл тектілігімізге қайта оралғандығымыз. Артына сауап жолдап тұратын иманды ұрпақ қалдыра білген ата-аналардың екі дүниеде де жүздері жарқын болмағы хақ.

Ақмарал Жантаева.
27 наурыз 2018 ж. 1 615 0