№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіп табалдырықтан басталады

Тәртіп табалдырықтан басталады

«Мектеп» деп аталатын қасиетті қазықпен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адам үшін ең ыстық кезең – балалық шағы мектеппен байланысты. Әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы білім ошағында алған тәлім-тәрбиесіне байланысты. Мектептегі бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала – біздің болашағымыз. Баланы жаман, жақсы деп бөлуге болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, мектеп – тәрбие бастауы, қайнар көзі.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қазақтың мағыналы сөздерінің астарында ерекше мән бар.

Қазір жас өрендердің дені білімге, жаңа технологияға бейімделе бастады. Дегенмен бала болған соң тәртіпсіздік те орын алатыны түсінікті. Осындайда атааналар және ұстаздармен бірге жұмыс жасалады. Бұл тұрақтылықты ұстаз қамтамасыз етеді. Ұстаз оқушылардың екінші ата-анасы ретінде бірге жүріп, бірге тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат-мұраты санайды. Балаларға тәрбиелік жұмыс жүргізуді жан-жақты қарастырып, тиянақты жол көрсететін тұлға – ол ұстаз. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі. Мысалы, оқушы алғаш партаға отырғанда тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе келе өзгеріп сала беретіні неден? Қалай өзгерді, жаман әдеттерді бойға қайдан жұқтырды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды? деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты таразылауға тура келеді.

Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасы мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік- бұл рухани тәрбие. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, отбасын, мектебін, ұстазын сүюге тәрбиелейді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса ол адам айналасындағы адамдарды құрметтей алмайды.

Қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар адам жүрегінде мейірімділіктің жоқтығынан. Ата-ана, ұстаз баланы үнемі мейірімге бөлеп отырса тәртіпсіз ұл-қыз болмас еді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті сіңірту ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани, мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін епең қаққан, имандылық қасиеттерге бай, салдарлы азамат болып қалыптасады. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету өз нәтижесін береді.

Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әрбір адам – өз заманының жемісі». Заманына сай заңы туындайды. Ата-ана отбасында әр күнге есеп беріп отырса, балалары да өз жетістіктерімен бөліседі. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Атаана балаға қарата бейауыз сөздерді қолданбай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан семіртеді». Кейбір атааналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққаннан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетуі мүмкін.

Ұстаз оқушыға материалдық жағдай жасамағанымен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиет – адамгершілік құндылықтарын бере білуі тиіс. Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның күнделікті қарым-қатынас ортасын реттеуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Ата-аналар мүмкіндігінше балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, немен шұғылданатынын, күнделікті қанша сабақ болып, қаншада қайтатынын біліп отырулары қажет. Мектеп пен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізіп, балаларға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз. Міне, сонда ғана жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, адамгершілігі мол азамат болып қалыптасады.

Мөлдір ИСЛАМҚЫЗЫ,
“DARYN SCHOOL” білім беру жеке мекемесінің мұғалім
24 сәуір 2023 ж. 300 0