№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасыл желек – жердің көркі

Жасыл желек – жердің көркі


Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп бүршік жарған ерте көктемде шыбық қадап, тал отырғызу –сансыз сауапқа кенелтетін іс. Өйткені ол егілген өскіннің күтімі болса күні ертең жапырағы саялы дараққа айналып, жазда көлеңке, қыста пана болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. Наурыз айында осындай мақсатта тал егу дәстүрі жүйелі жалғасуда. Бұл игі шараға аудан басшысы алдымен өзі бастап дем берді.


Көктем шығысымен кент ішін жасыл желекке айналдыруды мақсат етіп, мемлекеттік мекемелер, мешіттерді тегін жас көшеттермен қамту дәстүрі биыл да жалғасын тапты. Жалпы, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты «Ордакент» тұқым бағында өрік, үйеңкі, қара ағаш, жиде, катальфа, сексеуіл, шаған, алма, туя көшеттері меншік нысанына қарамастан аудан тұрғындарына беріліп келеді. Көгалдандыру бағытында көшеттер қажет болған жағдайда орман шаруашылығы мекемесімен келісімшартқа отырып, қолма-қол не банктік аудару жолымен төлем қабылдау да қарастырылған.
«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 19 нау­рыз – Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі ағаш отырғызу дәстүрі ұсынылды. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мере­кесі. Арық-атыздарды тазалап, тал-дарақтар отырғызу – ежелден келе жатқан дәстүр. Осы орайда, Жаңақорғанда «Жаңа көшеттер – жаңа идеялар – мемлекет дамуындағы жаңа кезең» ұранымен экологиялық акциясы өтті. Акцияға Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков, мекеме ұжымдары, аудан жастары мен аудан тұрғындары қатысты. Бұл жолы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы АҚ-ның 60 жылдығы саябағына аудандық филиал қызметкерлері, яғни электр тарату жүйесі мекемесінің барлық қызметкері жиналды. Бұл саябақты тіктеуге аудан жастарының да қолтаңбасы қалды.
Аудан басшысы алдымен жылы лебізін білдіріп, қасиетті іске сәттілік тіледі. Бұл күні жалпы аудан бойынша терек, қара тал, жеміс ағаштары, үйеңкі ағаштары сынды 2000 түп көшет егілді.
Ендігі кезекте, тақырып ауанын экологиялық тәрбиеге бұрсақ. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, аулаға ағаш отырғызудың қаншалықты сауапты амал екенін тарқатып көрейік. Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың мұсылмандар қауымын тал отырғызуға үндеген мынадай хадисі бар. «Қандайда бір мұсылман ағаш не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады». Тағы бір өсиетінде: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген. Тереңінен түсінгенге тәлімді тәмсіл жатыр. Тақырыпқа тұздық болсын. Тарихтан ғибратты әңгіме өрбітсек.
Бірде Аббаси халифаласы Һарун Рашид бір қарт адамның кішкентай жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқан байқап қалады. Халифа оған: «Иа, ақсақал сіз қартайдыңыз. Отырғызып жатқан шыбығыңыздың жемісін көре алмайсыз. Осыны біле тұра, неге бейнетттеніп жатырсың?» – дейді. Сыр бермеген қарт: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды. Біздер жемісін жедік. Енді біз де тал отырғызайық. Жемісін кейінгілер жесін»,–деп жауап қатады. Мұндай жауапты күтпеген Һарун Рашид әлгі қартқа риза болып, қартқа бір уыз алтын береді. Сонда қарт: «Көрдің бе, балам. Бұл тал шыбықтың жемісін міне, мен де көрдім», – дейді. Қарияның сөзіне одан сайын риза болған халифа тағы алтын ұстатады. Қарт Һарунның жүзіне күлімсірей қарап: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі мәрте жеміс береді» деген екен.
Жасыратыны жоқ, біздің елде көктем, күз айларында көгалдандыру айлығына байланысты ағаш отырғызу науқаны жүреді. Бұқара халық жаппай атсалысады. Осы орайда, бірқатар шет мемлекеттердің тәжірибесін сөз етсек. Көрші Қытай мен Тайвань елінде ағаш егу мерекесі мемлекеттік мәртебеге ие. Яғни, 12 наурыз жаппай тал отырғызу күні. Ал, алып мұхиттың ар жағындағы АҚШ-та 1872 жылдан бастау алған. Сол тұстағы АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрі, белгілі саясаткер Стерлинг Мортон ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік мәртебе берген.

Әлібек ТЕМІРБЕК
23 наурыз 2024 ж. 215 0