Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Өндіріс ошағы жасыл желекке айналып келеді

Өндіріс ошағы жасыл желекке айналып келеді

  Ағаш отырғызу сауапты іс, өнеге өрімі, ұрпаққа үлкен ұлағат. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады.
  Екінші жағынан экологиялық аху­ал­ды жақсартып, қоңыржай кли­мат қалыптастыруға әсерін тигі­зеді. Бұл бағытта «СКЗ-U» ЖШС қыз­меткерлері ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмысымен тұрақты түрде айналысуға қамданды. Дәстүрге ай­нал­дырып, өндіріс аймағын жасыл желекке айналдыруды мақсат еткен жұмысшы қауым биыл 500 түп талдың тамырын топыраққа түсірді.
Қазақта «жүз жылдығын ойлаған мәуелі ағаш егеді» деген тәмсіл бар ғой. Осы бір сөзден-ақ қазақтың тал егу мәдениетінің қаншалықты жоғары болғанын көреміз. Сондықтан осы бір ұлттық кодтың құндылығын ұрпақ бойына сіңдіру адамзаттың ең асыл қасиеті. Өндіріс ошағына жаңа басшы Ернұр Маратбекұлы келгелі талап күшейіп, жұмыстың ілгерілеуі, қызметкерлердің қарқыны қатты.
Айта кететіні, өндіріс орны қайы­рымдылық пен тазалық мәселесіне де бей-жай қарамайды. Тазалық ай­лығында аудан маңын күл-қоқыстан тазартуға жұмылса, әлеуметтік көмек көрсету бағытында қайырымыдылық шарасына қатысып келеді. Әсіресе Кейден ауылдық округінің халқына көмек қолын созып тұрады.
Көгалдандыру, көркейту жұмыс­тары қарқынды жүргізуге бағытталған бұл бастама өзге де өнідірі орын­дарына үлгі бола алатындай деп бағалауға болады. Бұл ең бірінші қыз­меткерлердің табиғатқа деген тазалығын көрсетеді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
09 қаңтар 2021 ж. 705 0