№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Орман – ел байлығы

Орман – ел байлығы


Орман өсімін молайту мақсатында биыл Сыр өңірінде 10334 гектарға ағаш көшетін егу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын орман көлемін арттыру мақсатында ағаш көшеттерін өсіретін 17,8 гектарға биыл уақытша тұқымбақ ұйымдастырылды. Ендігі меже сол тұқымбақтардың күтімі мен жерсінуін қадағалауды жүйелі жолға қою. Осыны ескерген басқарма басшылығы орман шаруашылығы саласын дамыту, өсімін молайту, өңірдегі жерсіндірілмеген ағаш көшеттерін тұқымбақтарда өсіру үшін дәстүрлі семинар өткізуді қолға алды. Жақында «Орман тұқымбағында жеміс, саялы ағаш көшеттерін өсіру (жерсіндіру) технологиясы» атты облыстық семинар Жаңақорғанда бастау алды.
Алдымен, сала мамандары Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекеме базасындағы жаңадан егілген көшеттермен танысты. Мекеме директорының орынбасары Бақытжан Абусаметов аудан тәжірибесімен бөлісті. Көпшілікті қызықтырған келінталдың жерсінуі болды.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл сексеуіл мен жейде ағашына басымдық берудеміз. Шыны керек, Жаңақорған топырағы құнарлы, яғни құмшауыт болғандықтан көшеттің 90 пайыздан астамы шығын болмады, – деді жауапты маман.
Ашық аспан астында өткен алқалы басқосуда аудандағы мекеме меншігіндегі тұқымбақ бөлімінде 12 түрлі жеміс және саялы ағаштарының көшеті бар екені белгілі болды. 2018 жылы «Ордакент» уақытша тұқымбағында мектеп бөлімі 0,5 гектар болса, сеппе бөлімі 0,3 гектар аумақты құрайды. Онда үйеңкі, шаған, катальпа, қарағаш, акация ағаштарының тұқымдары себілді. Қазір тұқымбақ бөлімінде жалпы 203,8 мың түп ағаш көшеті бар. Күздің соңғы айында сексеуіл ағашының тұқымы 1,5 жерге себілетін жөнінде мекеме директоры Ниязхан Мұқанов баяндамасында сөз етті.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев семинарға модераторлық жасады.
– Басқосудың тағы бір басымдылығы орман тұқымбақтарында саялы және жеміс ағаштарының көшеттерін оның ішінде туя, акация, шаған, можевельник қылқан жапырақтылар мен жеміс ағаштарын өсіруді көздейді. Әрі, олардың шығымдылығын арттыру технологиясы туралы тәжірибе алмасу арқылы облыста көгалдандыру жұмысын атқару маңызды болмақ. Семинар барысында мекеменің үздік істері жөнінде тәжірибе алмасып, ортақ мүдде, бір мақсат жолында бірлесе жұмыс жасаудың тетігін іздейтін боламыз, – деген басқарма басшысы бұқар жиденің көшетін Жаңақорған орман шаруашылығы мекемесі ғана өсірумен айналысатынын тілге тиек етті.
Жаңақорған орман тұқымбағында жеміс, саялы ағаш көшеттерін өсіру (жерсіндіру) бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы Жаңақорған орман мекемесінің директоры Ниязхан Асылханұлы хабарлама жасады. Орманды қорғау, сақтау, орманды күзету және қорғау, орманды пайдалану жөнінен атқарылған жұмыстарға тоқталған мекеме директоры орманды жерлердің көлемін арттыру мақсатындағы жұмыстарды да кеңінен баяндай кетті. Оның сөзінше, орман қоры жеріне жыл сайын 1200 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіледі екен.
Ағаш көшетін өсіруді қолға алып, облыстың көркейту-абаттандыру жұмыстарына атсалысу қажет. Бүгінгі семинарда осы бағыттағы жұмыстарды пысықтап, тың идеялар мен ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды. Семинар барысында орман шаруашылығының мамандары облыста жерсіндірілмеген көшеттерді өсіру бойынша тәжірибе алмасып, қажетті кеңес ала алды.
Келесі кезекте, Шиелі ауданында жеміс, саялы ағаш көшеттерін өсіру мен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ормандандыру жұмыстары туралы мекеме директорлары хабарлама жасады. Одан кейін орман шаруашылығын дамыту мақсатындағы халықаралық ұйымдармен жұмыс тәжірибесі туралы Қызылорда орман мекемесінің директоры Файзулла Смағұлов сөз қорытты. Облыстың көгалдандыру жұмыстарына жаңадан саялы ағаш түрлерін енгізу мәселелері туралы хабарламаны орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәмелі Төлепбергенқызы жасады.
Семинарды қорытқан басқарма басшысы алдағы уақытта атқарылуға тиіс міндеттемелерді жүйеледі. Саялы және жеміс ағаштарының көшеттерін өсіруді қолға алу, оның ішінде, туя, акация, шаған, можевельник қылқан жапырақтылар мен жеміс ағаштарын және жидені (бұқар жиде) көбейту тапсырылды. Сондай-ақ, нормативке сәйкес қазан, қараша айында жиденің, можевельниктің, жеміс ағаштарының дәндерін жинап, егу, туя және можевельник көшеті бойынша Түркістан облысындағы әріптестермен біріге жұмыс жасау жүктелді.
Әли ТЕМІРБЕК.
13 қазан 2018 ж. 2 303 0