Тектілік тұғыры
Қайраткер қаламгер Шерхан Мұртазаның«Шындықты ақтарыла айту – қиынның қиыны» деген сөзін арқалап жүру әркімнің қолынан келмейтіні анық. Рас, туры сөз ащы әріауыр келеді.Сын шын болсын, шын сын болсын деген ұстанымды ұстанған Алшекең – Алшынбай Тұртановтың өзгелерден ерекшелейтін қасиеті осы – шыншылдығы еді.
2014 жылы Алшекең ағамыз редакцияға алшаң басып келді. Сол кездегі бас редактор Алмас Бекжігітов ағамыз аудандағы алғашқы кәсіпкердің бірі деп таныстырды.
Өмірденкөрген-білгені, көңіліне тоқығаны молекені байқалды. Ескірмейтін есті сөздің тиегін ағытып, арғы-бергі тарихтан шертті. Алғашқы кездесуден-ақ рухани жақын адамдай сырластық. Содан бері әңгімеміз жарасып, бір-бірімізді жақын тұттық.
2017 жылы Алшекең Шалқия өндірісіне«Алты крант» жерасты су бассейніндегі суды өндірістік мақсатта қолдануға қарсылық білдіріп, елдің белді газеттеріне мақала жазғаны әлі есімде. Ағамыздың сондағы уәжі: «Су – халықтікі. Жер астындағы су келешек ұрпақтың ризық-несібесі. Өндіріске техникалық су керек болса, Сырдария өзенінен алуға болады».
2020 жылы Жаңақорған кентінің бас көшесі – Хорасан ата көшесін кеңейту және абаттандыруға «Асфальт» ЖШС жауапты болды. Алайда мердігер компания міндетіне немқұрайлы қарап, жұмысты сапасыз жүргізе бастады. Алшекең құрылысшы ретінде шу көтерді. Ондағысы «асфальт сапалы салынуы тиіс» деген талап. Бұған сол кездегі аудан әкімі Руслан Рүстемов үн қатып, мердігер компанияның басшысын Сарағаштан алдырып, нақты талап қойып, жұмыстың сапасына басымдық беруді тапсырды.
2021 жылы қыркүйектің басында Алшынбай ағамен кездестім. Қабағы қатулы екен. Жай-жапсарын сұрағанымда: «Сыр өңіріндегі төрт түліктің тең жартысы біздің ауданда. Қазір таудағы отар-отар қой Сырға түсуде. Ондағы 40 мың гектарға жуық суармалы жерге қыркүйек, қазан, қараша айына дейін өрістеп, Қызылқұмда қыстайды. Қазір Шардарадан Сардарияға 50 текше метр су келуде. Көлдер және қашыртқы каналдардағы суды өзен тартып алады. Өйткені Сырдың деңгейі төмендеп кетті. Енді 10-15 күнде магистральдық каналдың ұлтанындағы бақа-шаян сасыған су «өлі суға» айналып, ішуге жарамсыз болады. Оны мал ішіп, тұтынса, қаталап, соның салдарынан қырыла бастайды. ...алдын алмаса болмайды» деп жауап берді. Әрі малшы қауымның жанайқайын көтеріп,бұл мәселені облыс басшыларының назарын аударды да...
Осылай Алшекеңнің елдік істерге араласып, ақиқатқа жүгінуге тырысып жүретін. Турашылдық біреуге ұнаса, тағы біреулерге жайсызтиіп, Алшекеңді жақтырмай, түрлі сөз тарататынын да көрдік. Ел болғаннан кейін ала да, қара да болатыны анық. Бірақ ақиқат бәрінен жоғары десек, онда ел ағасының өмірі баянды, қызметі байыпты болды деп толық айта аламыз.
Бұлай сөз тарқатуымызға тағы бір негіз бар. Алшынбай Тұртанұлы руханиятқа жақын, сөз ұстаған, өнер қонған азаматтарды қолдап жүретін.
2016 жылы 15 сәуірде «Хасан Оралтай – алашшыл қайраткер» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференцияның өтуіне бастамашыл болды. Әрине, ұйымдастырушы жергілікті атқарушы билік.
Тарихшы, публицист, алаштанушы Хасан Оралтайдың құрметіне арналған ғылыми шараға келген ғалымдар мен жазушыларды қонақ етіп, дастархан жайып, иықтарына шапан жауып мәрттік танытқан еді.
2017 жылы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық жолымен саяхаттап жүрген швед жиһанкезі Кристиан Бодегрен жолсерік еткен түйесінен айырылып, қалың шеңгелдің арасында бүрсен қағып дір-дір етіп отырған жиһанкезді Құдайы қонақ етіп, жылы-жұмсағын ұсынып, түйесін ұстап, жемдейді.Швед азаматы Алшекең арқылы қазақтың қонақжайлығын танып кетеді.
2018 жылы «Жаңақорған тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойын жоспарлап, наурыздан қазан айына дейін салтанатты іс-шаралар өткізуді ұйғардық. Осы бастаманы Алшекең қолдап, бірнеше басқосуға демеушілік жасағаны есімізде.
Ауданғакелген қонақтар Алшекеңнің дастарханынан дәм татып, келелі әңгіме құратын. ЖазушыТынымбай Нұрмағамбетов, ғалым, жазушы Жолтай Жұматтағы басқасы қонақ болып, шапан кигенін көрдік те.
Мәселе қонақ шақырып, төрге озған мейманыңа шапан жабуда емес. Мәселе ауданның абыройы сыналар кезде барды бардай көрсетіп, мәрттік таныта білу де көрегендік емес пе?!
2022 жылы Жандарбек Мәлібеков ағаның 80 жылдығы Жаңақорғанда дүрілдеп өтті.Бұл кездесу де Алшекеңнің шаңырағында түйінделді.
Сол жылы Жәкеңнің тойы Арқа төріндегі Л.Гумилев атындағы Еуразияұлттық университетінде өтіп, Алшекең Сыр өңірінен жерлестерінің аманатын арқалап барып, алқалы басқасуда досы туралы сыр шертті.
Мұны неге айтып отырмыз? Елде дәулеті келіскен азаматтар аз емес. Бірақ руханияттан алыс жүреді. Рухани-мәдени іс-шаралардан көріне бермейді...
Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарына шығарып салып, жұрт есін жинай алмай жатқанда, тағы бір абзал азаматтың жүрегі тоқтады. Бұл – Алшынбай Тұртанов ағамыз.
Бекең мен Алшекең өмірде сыйлас, сырлас азаматтар еді. Ат басында жүрген Бердібек Машбекұлы көп жағдайда елдегі жаңалықтарды Алшынбай ағадан естіп-біліп, жие-жие хабарласатын.Алшынбай аға да ата жолын жақсы білетін, мемлекеттік қызметте жүрген бауырының тілеуін тілеп жүретін.
Інісінің қазасы ауыр тисе керек-ті, жаралы жүрек Алматыдан келе жатқан жолда тоқтапты. Иә, інісінжергетабыстап, Алматыданкележатқандакөліктібағындыраалмайқалғансынды. Содан бері қырық күннің дидары өте шығыпты.
Мәңгілік не бар дейсіз?! Тек адамдардың игі амалы, ізгілікті ісі қана өнеге болады.
Тектіліктің тұғыры осындай болса керек-ті...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ