БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛАДЫ

Біріншіден, білім саласындағы үнем — тек артық шығыннан бас тарту немесе жоспарлы оңтайландыру арқылы жүзеге асады және білім саласы бойынша бюджеттің әкімшісі ретінде басқарма қаржыны салаға қайта құюда.
Мысалы, оқу жылында нақты қажеттілікке сай келмеген жабдықтарға немесе қызметтерге бөлінген қаражат толық игерілмей, үнемделуі мүмкін. Мұндай қаржы ешқашан текке кетпейді немесе басқа салаға аударылмайды — ол қайтадан білім саласына жұмсалады.
Екіншіден, үнемделген қаржы көбіне білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, интернетпен қамтамасыз ету, робототехника, STEM-зертханалар ашу сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді. Бұл – оқушылар мен мұғалімдердің сапалы білім алуы мен еңбек етуіне жағдай жасаудың тікелей жолы.
Үшіншіден, үнемделген қаржы педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ыстық тамақтың ұйымдастырылуы сияқты маңызды мәселелерге бағытталып келеді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз және қауіпсіз жүруі үшін қажет.







1,9 млрд теңге қаржы бөлінді.
Бұл білім басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қаралған қаржының бір бөлігі ғана. Сондықтан үнемделген қаржының «қайда кетіп жатқаны» туралы сұраққа жауап – ол сол қаржының білім сапасын арттыруға қайта инвестиция ретінде қайтып келуі (ешқандайда асфальт салуға, басқа құрылыс нысандарын салуға емес).
Қаржылық ашықтық – сенімділіктің негізі.
Әр теңге өз мақсатына сай жұмсалуы – білім басқармасының басты ұстанымы. Біз қоғаммен кері байланысты күшейтіп, барлық қаржылық шешімдердің негіздемесін жария түрде ұсынуға әркез дайынбыз.
