Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АҚҚОРҒАНДА ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АҚҚОРҒАНДА ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облысының Жастар Одақтары» ҚБ үйлестіруімен 21 шілде күні Аққорған ауылдық клуб үйінде , Аққорған ауылдық клуб үйінің директоры Бакыткул Тасхожаева ұйымдастыруымен «Бесік жыры-ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы» атты әжелер байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау.
Байқауға Аққорған, Қожакент, Жаңарық, М.Нәлібаев, Келінтөбе, Қыркеңсе ауылдық округтерінен әжелер қатысып өнер көрсетті. Әжелер ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Қожакент ауылынан келген Құрбанай Шайхслаймова иеленсе, жүлделі І орынды Аққорғандық әже Разия Бейбитова иеленсе, ІІ орынды М.Нәлібаев ауылынан келген әже Қарлығаш Көрпебаева еншіледі, ал жүлделі ІІІ орын Жаңарық ауылынан Айзада Мұятова және Аққорғандық Гулзира Иманбаеваға бұйырды.
Сондай-ақ, байқауға белсене қатысқан Қыркеңсе ауылынан Сапура Дүйсенбаева мен Келінтөбе ауылынан Айсұлу Ахметовада арнайы сыйлықтармен марапатталды.
21 шілде 2025 ж. 145 0