№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірімдер бақылауда...

Жасөспірімдер бақылауда...



Жаңақорған ауданының полицейлер ата-аналарға үндеу жасады. Жылы маусым – ювеналдық полицейлердің ерекше жауапты кезеңі. Міндет – жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу. Осы бағытта қала аумағында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін арттыру бағытында әртүрлі іс-шаралары іс-шаралары ұйымдастырылып келеді.
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған профилактикалық шараларға қарамастан жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар : яғни, түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүруі, 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында (компьютерлік клубтарда отыру), топтасып төбелесу, ата-анасымен ренжісіп үйінен кетіп қалу дерегі, ата-анасының қатысуынсыз көлік құралдарын басқаруы және т.б.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл әрекеттерге себеп көп жағдайда ата-аналардың жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырулары болып жатады.
Өз кезегінде Жаңақорған ауданының полицейлері ата-аналарға балаларының қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді. Күннің жылынуына орай, балалардың далада жүретін бос уақыты көбейді. Демалыс уақытының қайғы мен жарақатқа айналмауы өте маңызды. Сондықтан да балаларыңызға қала көшелерінде қауіпсіздік пен жол жүру ережелерін сақтау туралы ескертулеріңіз сұралады.
Балаларыңызға түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салыңыз. Егер балаңыз үйге кеш оралса, оны күтіп алуға тырысыңыз, егер олар үйде жалғыз болса, таныс емес адамдарға есікті ашуға тыйым салыңыз. Егер сіз баланыздың тұрған жерін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай тез арада полицияға хабарласыңыз. Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін немесе балалардың өздеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалуы мүмкін.
23 сәуір 2023 ж. 223 0